Уағыздаушы 11
11
Уақытында ізгі істер істеу жайлы
1Су бетіне тұқымыңды себе бер,
Көп күннен кейін ол өзіңе қайтып келер.#11:1 11:6; Заң 15:7-11; Нқл 11:18,24-25; 19:17; 22:9; Иш 32:20.
2Жеті не сегіз бөлікке бөл өзіңде барды,
Білмейсің қандай пәлеге душар боларыңды.
3Қою бұлттар қаптағанда жерге жаңбыр әкелер.
Не күнгей, не теріскейге құлаған ағаш сол күйінде жата берер.
4Желді уайымдаған тұқымын сеуіп тастамас,
Бұлтты уайымдаған өнімін теріп жинамас.
5Білмейсің не дауылдың қайдан соғарын,#11:5 Жыр 134:5-7; Әйүп 28:25.
Не құрсақтағы баланың қалай қалыптасқанын,#11:5 (Жыр 138:13-16) Немесе: Білмейсің рухтың (яки: жанның) құрсақта қалыптасып жатқан балаға қалай енгенін.
Сол сияқты ұқпайсың ғаламның барлығын
Жаратқан Құдайдың жасаған ғажаптарын.
6Таңертең тұқымыңды сеп, кешке де қол қусырып отырма! Өйткені қайсысының өнімді боларын, анаусы ма, мынаусы ма, әлде екеуі де бітік шыға ма, соны білмейсің.
Жас кездегі көңіл көтеру және жауапкершілік
7Жарық ұнамды, күн сәулесін көре алу көз үшін сондай ғанибет!
8Адам көп жасаса, барлық күндеріне қуансын! Ал алдындағы түнекке толы күндерінің де көп болатынын есінен шығармасын. Келешектегінің бәрі де күңгірт.
9Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма!#11:9 2:10; 3:17; 12:1,14; Жар 39:8-10; Жыр 118:9-11. 10Сондықтан жан дүниеңнен ашу-ызаны, өміріңнен зұлымдықты аластат! Себебі балалық пен жастық шағың тез ғайып болмақ.
Currently Selected:
Уағыздаушы 11: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.