Уағыздаушы 10
10
1«Өлген шыбындар бір құты иісмайды сасытар»,#10:1 Яки: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер». сол сияқты аз-кем ақымақтығы адамның даналығы мен абыройына зардап жасар.
2«Дананың жүрегі оң жолды, ақымақтың жүрегі теріс жолды таңдар».
3«Қай жолмен жүрмесін ақымаққа ақыл жетпес, ол өз топастығын әркімге аян етер».
4Бастығыңның ашуы өзіңе қарсы лап етсе, орныңнан кетіп қалма!
«Кішіпейілділік зор қателерді жауып қояр».#10:4 8:3; Бил 8:3; Пат1 25:24-33; Нқл 25:15.
5Мен осы өткінші дүниеде ақылға сыймайтын тағы бір жайтты байқадым, билік иелері кейде мынадай қате жібереді: 6Олар ақымақтарды жоғары лауазымға көтереді, ал дәулеттілерді төменгі орындарға отырғызады. 7Мен тіпті атқа мінген құлдарды, әрі құлдай жаяу жүрген билеушілерді көрдім.#10:7 Пат1 12:13-14; Ест 3:1; 6:8-10; Нқл 19:10; 28:12,28.
8Біреуге ор қазған қаскүнем соған өзі құлар,
Егістік дуалын қиратқанды жылан шағар.#10:8 Ест 7:10; Жыр 7:15-17; 9:16-17; Нқл 26:27.
9Адам тас қашап жатқанда, абайсызда жараланып қалар,
Не ағаш жарып жатқанда өзін зақымдап алар.
10Өтпейтін балтаны қайрамаса, ағаш жаруға күш көп кетер,
Ал даналықтың пайдасы зор, ол түбінде табысқа жеткізер.#10:10 9:15-17; 10:15.
11Жылан арбалмас бұрын шағып алса,
Арбаушының қажеті не сонда?#10:11 Ерм 8:17.
12Дананың сөздері мейірім көрсетер,
Ал ақымақ өз сөзінен зиян шегер,
13Оның айтқандарының басы топастық,
Әрі соңы болар жаман есуастық,#10:13 1:17.
14Әйтсе де ол айтар сөздерін көбейтер.
Ал болашақтағы жайттарды кім білер,
Кейін не боларын адамға кім айтып берер?
15Ақылсыз жан жұмыс істесе, қажып қалар,
Ол жолын да таппас қалаға апарар.
16Уа, ел, патшаң бозбаладай тәжірибесіз болып, әміршілерің таң сәріден той тойласа, қасіретке қаласың-ау! 17Ал патшаң текті жерден шыққан, әміршілерің көңіл көтеру үшін емес, күш жинау үшін уақтылы тамақтанатын болса, уа, мұндай ел, бақыттысың!
18Жалқаудың үйінің төбесі опырылар,
Еріншектің үйінен тамшы ағар.
19Көңіл көтеруге қонақасы дайындар,
Шарап адамның өмірін масайратар,
Ақша осы екеуіне де жол ашар.#10:19 2:1-3,8; 5:10; 7:11-12; 9:7.
20Патшаны іштей болса да жамандама,
Байды төсекте жатып та балағаттама!#10:20 Мыс 22:28.
«Ұшқан құс даусыңды іліп әкетер,
Айтқан сөзіңді қанатты жеткізер».#10:20 (Пат2 15:35-36; Пат4 6:9-12) Яғни «үй артында кісі бар».
Currently Selected:
Уағыздаушы 10: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.