YouVersion Logo
Search Icon

Амос 8

8
Піскен жемістер салынған себеттің көрінісі
1Жаратушы Тәңір Ие маған тағы бір көріністі көрсетті. Сонда мен піскен жемістер салынған себетті көрдім. 2Ол менен:
— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады.
— Піскен жеміс салынған себетті, — деп жауап бердім. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:
— Өз халқым Исраилдің де пісіп, жиналып, сотталатын уақыты жетті. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! 3Сол күні ғибадатханадағы#8:3 Немесе: сарайдағы. қуанышты ән-жырлар зарлаумен алмасады. Адам өлігі көп болып, оларды әр жерден жинап, қаладан шығарып тастайды. Бәрі де үн-түнсіз болмақ! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
4Әй, мұқтаждарды аяқасты қылатын, елдің жарлыларын құртатын сендер, мынаны тыңдаңдар: 5Сендер іштей былай дейсіңдер: «Айдың алғашқы күні#8:5 Рул 28:11. қашан өтер екен? Сонда бидай сатамыз. Демалыс күні#8:5 Мыс 31:13-17. қашан бітер екен? Сонда астықты базарға шығарамыз! Бидай өлшеп салатын ыдысымызды кішірек, күміс өлшейтін кір тастарымызды ауырырақ қылып, таразыдан да жейміз.#8:5 Яғни халықты алдап қосымша пайда көреміз (Леу 19:35; Нқл 11:1; Ош 12:7; Мих 6:11). 6Кедейлерді күміске, мұқтаждарды бір жұп аяқкиімге сатып аламыз. Салмағын ауырлату үшін астықты кебегімен қоса сатамыз!»
7Ал Жаратқан Ие «Жақып мақтан тұтқан (Құдай)» деген Өзінің атымен былай деп ант береді: «Мен сол істерінің бірін де есімнен шығармаймын! 8Осыларың үшін бүкіл ел шайқалып, оның тұрғындары қайғыға батпай ма? Расында жер Мысырдың Ніл өзеніндей көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан басылып, төмендейтін болады».
9Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сол кезде Мен күнді тал түсте бататын қылып, жерді күндіз қараңғылыққа бөлеймін! 10Көңілді мейрамдарыңды қайғыру уақытымен, әрі қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Сендерге азалы киім киіндіріп, қайғыдан шаштарыңды тақырлап алып тастатамын. Бұл жалғыз ұлдың өліміне жоқтау айтқанға ұқсайды. Иә, оның ақыры өте ащы болады!»
11Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Біліп қойыңдар! Мен не нанды аңсайтын аштықты, не суды аңсайтын шөлді де емес, Менің, Жаратқан Иенің, сөзін естуге деген аштық пен шөлді жіберетін уақытым келе жатыр!#8:11 Жыр 73:9; Езк 7:26; Мих 3:6. 12Сонда адамдар теңізден теңізге әрі солтүстіктен шығысқа қарай шарлап кезіп, Жаратқан Иенің сөзін сарсыла іздейтін болады. Бірақ оны таба алмайды.
13Сол кезде көрікті бойжеткендер мен мықты жігіттер шөлден әлсірейтін болады. 14Самарияның масқара тәңірсымағымен#8:14 Яки: Самарияның Ашима деген (жалған) тәңірімен. («Ашима» кінә, масқара дегенді білдіреді.) ант ішіп, «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Дан!» немесе «Сенің тәңіріңмен ант етемін, уа, Бер-Шеба!» дейтіндер құлап, енді қайтып тұра алмайды».#8:14 5:2,5; Ош 8:5; Пат3 12:28-29.

Currently Selected:

Амос 8: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in