YouVersion Logo
Search Icon

Амос 1

1
Кіріспе
1Мұнда Яһуданың Текоя қалашығындағы шопандармен жүрген Амос пайғамбардың айтқан сөздері берілген. Ол соларды Яһуда еліне Ұзиях,#1:1 (Пат4 14:21-22; 15:1-7; Шеж2 26:1-23; Ош 1:1) Оның қосымша аты Азариях еді. ал Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам#1:1 Яғни Еробоғам ІІ (Пат4 14:23-29.) патшалық құрған заманда аян#1:1 Яки: көріністер. көргенде Құдайдан қабылдаған еді. Бұл жер сілкіністен#1:1 Зәк 14:5. екі жыл бұрын болды.
2Амос пайғамбар былай деді:
«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,#1:2 Яки: Жаратқан Ие Сион тауындағы киелі үйінен (яғни Өзінің жер бетіндегі тұрағынан) арыстандай ақырады (3:7-8; Жое 2:11; 3:16).
Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.
Сонда малшылардың жайылымдары солады,#1:2 Немесе: жоқтап қайғырып.
Қармил тауының төбесі#1:2 9:3; Ерм 50:19; Нқм 1:4. де кеуіп қалады!»
Исраилдің көршілес елдеріне шығарылған үкім
3Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген#1:3 Немесе: үш, тіпті төрт. (1:6,9,11,13; 2:1,4,6-аяттарда да солай.) зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен#1:3 Иш 41:15. таптағандай аяусыз талқандады. 4Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды.#1:4 Хазаил б.з.д. 842-796 жж., оның ұлы Бен-Хадад б.з.д. 796-775 жж. Арама (Сирия) еліндегі Дамаскіге патшалық құрды (Пат4 8:12-15; 13:24-25). 5Мен Дамаскінің қақпа ысырмаларын сындырып, Ауен аңғарының тағында отырғанды елінен аластатып қуып, Бет-Еденге билік жүргізушіні құртамын. Сонда Арама халқы тұтқындалып, (Бабыл еліндегі) Кир аймағына айдалып кететін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
6Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. 7Сол үшін Мен Газа қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. 8Мен Азоттың#1:8 Яки: Ашдодтың (Иш 20:1). тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие.
9Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Тир қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Тирліктер (Исраилдегі) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқындап, Едом еліне сатып жіберді.#1:9 1:6,11. Сонда олар Исраилмен жасаған өзара бауырластық келісімдерін#1:9 Пат3 5:1,12; 16:30-31. тіпті естеріне де алмады. 10Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды».
11Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты#1:11 Абд 8-10. қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады.#1:11 Немесе: өз одақтастарын еш аямай таптады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді. 12Сол үшін Мен Теман аймағына от жіберемін. Сол от Босора қаласының сарайларын жалмап қояды».#1:12 Жар 36:11,33; Ерм 49:7,13,20,22.
13Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді. 14Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады.#1:14 Осы үкім Ассур әскері Едом елін шабуылдағанда орындалды. 15Сонда Аммонның патшасы өзінің әміршілерімен бірге басқа жаққа айдалып кетеді», — деп нық айтады Жаратқан Ие.

Currently Selected:

Амос 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in