Елшіл. істері 18
18
Қорынттағы қауымның пайда болуы
1Бұдан кейін Пауыл Афиныдан шығып, Қорынт#18:1 Яғни Коринф. (Грекиядағы кемежайы бар ірі қала: 19:1; Қор1 1:2.) қаласына бет алды. 2Сол жерде ол Ақила есімді понттық#18:2 Понт: Түркиядағы Қара теңіз жағасында орналасқан ежелгі аймақ (2:9). яһудиге тап болды. Ол әйелі Прискиламен жақында Италиядан келген екен. Себебі Клауди патша барлық яһудилердің Рим қаласынан кетуін бұйырған еді.#18:2 Бұл б.з. 49 ж. болған жайт. Клауди: яки Клавдий (11:28). Пауыл ерлі-зайыпты екеуімен кездесуге барды. 3Олар әріптес болғандықтан, бірге тұрып, бірге жұмыс істеді. Ортақ кәсіптері шатыр жасау еді. 4Әр сенбі сайын Пауыл мәжілісханадағы жамағатпен сөйлесіп, яһудилер мен гректерді Ізгі хабарға сендіруге ұмтылды.
5Македониядан Сыйлас пен Тімоте келген соң,#18:5 15:22; 16:1; 17:14-15. Пауыл өзін түгелдей уағыз жұмысына арнап, яһудилерге Исаның Құтқарушы Мәсіх екеніне куәлік келтірумен болды.#18:5 Немесе: келген соң, рухы Пауылды яһудилерге Исаның Мәсіх екендігіне куәлік келтіруге қыстады (Қор2 5:11). 6Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап,#18:6 13:51; Нех 5:13. оларға былай деді: «Қандарың өз мойындарыңда!#18:6 (20:26; Мат 27:25; Езк 33:8) Немесе: Қандарың өз бастарыңда! (Обалдарың өздеріңе!) Менің ар-ұжданым таза! Қазірден бастап басқа ұлттарға барамын».
7Пауыл осыны айтты да, мәжілісханадан шығып, соған көршілес тұрған Тит Иусттың үйіне барды. Тит Иуст Құдайды қастерлейтін басқа ұлттық адам еді. 8Мәжілісхана басшысы Крисіп#18:8 Осы есім Криспос деп те дыбысталады. және оның бүкіл үй іші Иемізге сенді. Пауылдың уағызын тыңдаған көптеген басқа қорынттықтар да сенімді қабылдап, шомылдыру рәсімінен өтті.
9Бір түні Иеміз Пауылға аян беріп: «Қорықпа! Үнсіз қалмай айта бер! 10Мен саған жар боламын. Ешкім де саған бас салып зиян келтіре алмайды, өйткені бұл қалада Менің халқым көп», — деді. 11Сондықтан Пауыл бір жарым жыл сол жерде қалып, Құдайдың Ізгі хабарын уағыздап жүрді.
12Ал Галлио Ахая өлкесінің#18:12 Ахая: Грекияның оңтүстік жағы. әміршісі болғанда, діндар яһудилер бәрі бір адамдай Пауылға қарсы шықты. Оны сот алдына алып барды да:
13— Мына кісі адамдарды заңға қайшы жолмен Құдайға құлшылық етуге үгіттеп жүр, — деп айыптады. 14Пауыл енді сөйлейін дегенде, Галлио яһудилерге қарап былай деді:
— Ей, яһудилер, егер оны белгілі бір қылмыс жасап, зұлымдық істеді деп айыптасаңдар, шағымдарыңа құлақ асар едім. 15Ал бұл жерде бір ілім, атақтар және өз заңдарың туралы айтыс болып жатқандықтан, оны өздерің қараңдар! Мұндай мәселеге мен төрелік еткім келмейді.
16Осымен Галлио оларды соттан қуып жіберді. 17Сонда (гректердің) бәрі мәжілісхана басшысы Состенді ұстап алып, сот алдында сабап тастады. Ал Галлио бұған көңіл де бөлген жоқ.
Иерусалим мен Антақияға қайта оралу
18Пауыл тағы едәуір күн Қорынтта аялдағаннан кейін бауырластарымен қоштасып, (жақын маңдағы) Кеніхрея қаласына#18:18 Рим 16:1. барды. Сонда ол Құдай алдында ант бергендіктен шашын алғызып тастады.#18:18 21:24; Рул 6:2,5,18. Мұнан кейін Прискила мен Ақиланы ертіп кемемен Сирияға қарай жүріп кетті. 19Олар Ефеске жеткенде, Пауыл Прискила мен Ақиланы сол қалаға қалдырып кетті. Өзі мәжілісханаға барып, яһудилермен сөйлесті. 20Олар Пауылдың осында ұзағырақ болуын өтінді, бірақ ол бұған келіспей: 21«(Алдағы мейрамды қалайда Иерусалимде өткізуім керек. Ал) Құдай қаласа, сендерге кейінірек қайтып келемін», — деді. Осылай Пауыл олармен қоштасып, кемемен Ефестен жүріп кетті. 22Кесарияға#18:22 8:40. жеткен соң, ол (Иерусалимге) өрлеп барды. Сонда қауымдағылармен сәлемдесті, содан (Сириядағы) Антақияға қарай бағыт алды. 23Бұл қалада біраз болып, тағы да жолға шықты; Ғалатия мен Фрүгия аймақтарын аралап, Иеміздің жолын қуушы шәкірттерінің бәрін жігерлендіріп, сенімдерін нығайтты.
Аполлостың Ефес пен Қорынттағы қызметі
24Сол екі арада Ефеске Аполлос есімді ескендіриялық#18:24 Ескендірия: грекше Александрия деп аталған Мысырдағы кеме тоқтайтын ірі қала. Сол заманда осы қалада көптеген яһудилер тұратын. яһуди келді. Ол Киелі жазбалардан молынан хабардар, сөзге шебер, парасатты кісі болатын. 25Иеміздің жолы туралы негізгі тәлім алған Аполлос Жақияның шомылдыру рәсімін#18:25 19:3-5; Лұқ 3:3-9; 7:29. ғана білсе де, Иеміз Иса туралы қызу сөйлеп, ұқыпты үйрететін. 26Аполлос мәжілісханада батыл сөйлей бастады. Оны тыңдаған Прискила мен Ақила үйіне шақырып, оған Құдайдың ізгі жолын толығырақ түсіндіріп берді. 27Аполлос Ахаяға бармақшы болғанда, бауырластарымыз оны қолдап жігерлендірді. Олар сол аймақтағы Мәсіхтің шәкірттеріне арнап сәлемхат жазып, оны жылы қабылдауларын өтінді. Аполлос Ахаяға жеткен соң Тәңір Иенің рақымымен Ізгі хабарға сенгендерге зор көмек көрсетті. 28Себебі ол ашық айтыстарда Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін Киелі жазбаларға сүйене отыра дәлелдеп, сенбейтін яһудилердің ой-пікірлерінің дұрыс еместігін әшкереледі.
Currently Selected:
Елшіл. істері 18: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.