Патшалықтар 2-ж. 4
4
Солтүстік Исраилдің патшасы Ишбосеттің өлімі
1Саул ұлы Ишбосет өзінің қолбасшысы Әбенирдің Хебронда қаза тапқанын естігенде, жігері құм болды. Бүкіл Солтүстік Исраил халқы да абыржып, үрейленді. 2Ишбосеттің сарбаздар топтарының екі басшысы болатын. Бағанах пен Рехап есімді олар бегероттық Риммон деген буняминдік адамның ұлдары еді. Бегерот қаласы да Бунямин руына жатады деп саналатын.#4:2 Еш 9:17; 18:25. 3Себебі Бегероттың бұрынғы тұрғындары кезінде Гитаимге қашып кеткен болатын. Олар осы күнге дейін сол жерде жат жұрттық кірмелер ретінде тұрып жатыр.
4Ал Саулдың тұңғыш ұлы Жонатанның Мепібосет есімді бір ұлы ғана бар еді. Ол екі аяғынан майып мүгедек болатын. Себебі Саул мен Жонатанның қаза болғандары#4:4 (Пат1 31:2-4) Жонатан Дәуіттің сырлас досы болатын (1-8; Пат1 19:1; 20:16-17). туралы суық хабар Ізрелден жеткенде, бағушы әйел бес жастағы Мепібосетті көтеріп алып, қаша жөнелді. Әйел асығыс жүгіргенде, бала құлап түсіп, содан ақсақ болып қалған еді.
5Бегероттық Риммонның әлгі екі ұлы Рехап пен Бағанах жолға шығып, күн ыстық болып тұрған түс мезгілінде Ишбосет патшаның сарайына жетті. Патша ұйықтап жатқан болатын. 6Екі ағайынды жігіт бидайды електен өткізіп отырып, қалғып кеткен күзетші әйелдің қасынан білдірмей өтті.#4:6 (Көне грек аудармасы бойынша.) Немесе: Олар бидай алуды сылтауратып сарайдың ішіне кіріп, патшаның ішіне семсерді сұғып алды. Содан Рехап пен інісі Бағанах білдірмей қашып кетті. 7Олар Ишбосет патша өзінің ұйықтайтын бөлмесінде төсегінде демалып жатқан кезде сарайға кіріп, оны өлтіріп, басын шауып тастады. Басты өздерімен бірге алып кетті, содан Иордан алқабындағы елсіз даланың жолымен түні бойы жүрді. 8Екі жігіт Ишбосеттің басын Хеброндағы Дәуіт патшаға алып барып, оған:
— Міне, сіздің жаныңызды алмақ болған қас жауыңыз Саул ұлы Ишбосеттің басы! Бүгін Жаратқан Ие Саул мен оның әулетінен патша иемнің кегін алды! — деді. 9Бірақ Дәуіттің Риммонның ұлдары Рехап пен Бағанахқа берген жауабы мынау болды:
— Менің жанымды барлық жауларымнан аман сақтап келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: 10Сикеләгке қасыма келіп, жайлы хабар жеткіземін деп ойлап, «Саул өлді!» деген адамды мен ұстап алып, өлтірттім. Менің оның әкелген хабарына берген сыйым сол болды.#4:10 1:4,10-16. 11Ендеше әділ адамды өз үйінде, өз төсегінде жатқан жерінде өлтірген арам пиғылды сендерден оның төккен қанының құнын талап етуім сөзсіз емес пе? Жер бетінен сендердің көздеріңді құртпаймын ба?!
12Дәуіт қасындағы жігіттеріне бұйрық беріп, олар екі қылмыскерді өлтіріп, аяқ-қолдарын шауып тастап, мәйіттерін Хеброндағы хауыздың жанына іліп қойды. Ал Ишбосеттің басын олар Хеброндағы Әбенирдің қабіріне апарып қойды.
Currently Selected:
Патшалықтар 2-ж. 4: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.