Патшалықтар 2-ж. 23
23
Дәуіттің соңғы өсиеті
1Мынау Дәуіттің соңғы өсиеті,
Есей ұлының пайғамбарлық сөздері,
Жақып сенген Құдай тағайындаған,#23:1 Яки: Құдай май жағу рәсімін жасатып тағайындаған (Пат1 2:10).
Мәртебесін көтерген патшасының —
Исраилдің сүйікті жыршысының#23:1 1:17-27; Пат1 16:14-23; Забур жырларының басында берілген мәліметті де қараңыз.
Келер ұрпаққа қалдырған өсиеті.
2Мен арқылы Жаратқанның Рухы сөйледі,
Аузымнан Оның сөзі шығып келді.
3Исраил арқа сүйер жартас — Құдай
Маған бірде былай деп айтқан еді:
Халықты әділдікпен басқарушы,
Құдайды қастерлеп билік құрушы —
4Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай,
Жерден көк шөп өсіріп шығаратын
Жаңбырдан кейінгі күн нұрындай.
5Менің әулетімді Құдай бекіткен,
Мәңгі Келісім жасады Ол менімен
Барлық жағынан да толық реттелген.
Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен,
Әлде Ол мені ұдайы қорғамай ма,
Бар жүрек қалауымды сыйламай ма?
6Ал сұмдар Құдайға жақындамайды,
Олар адамдар қолына да алмайтын
Пайдасыз тікенектерге ұқсайды.
7Соларды құртпақ болғандар бұл үшін
Темір құрал, найза сабын қолданады,
Жатқан жерлерінде өртеп жояды.#23:7 Жыр 2:9; Иш 33:12; Мат 13:7,22,30; Евр. 6:8; Аян 19:15.
Патшаға ерген батырлар
8Дәуіттің батырларының аты-жөндері мыналар:
Ахаман ұлы Яшобам-Бәсебет,#23:8 Осы аттың басқа түрлері: тахамандық Жошеб-Бәсебет не Исбосет. ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол сегіз жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді.
9Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додайдың ұлы Елазар#23:9 Шеж1 11:12; 27:4. болатын. Ол Дәуіттің қасында жүріп (Пас-Даммим деген жерде) шайқасқа жиналып тұрған філістірлерді менсінбей оларға тойтарыс берді.#23:9 Шеж1 11:13. Исраилдік жасақшылар жаудан шегінгенмен, 10Елазар сол жерде берік тұрды. Філістірлерді соққылай бергеннен қолы әбден шаршап, семсеріне қарысып қалды. Сол күні Жаратқан Ие оны үлкен жеңіске жеткізді. Әскер жасағы Елазарға қайта оралғанда, оларға өлгендердің қару-жарақтарын олжалаудан басқа жұмыс болмады.
11Одан кейінгі батыр харарлық Аге ұлы Шаммах. Філістірлер бірде (Лехиде) бұршақ#23:11 Яки: жасымық (Жар 25:34). бітік шыққан бір егістіктің қасына жиналған еді. Исраилдің жасағы олардан қашып кетті. 12Бірақ Шаммах егістіктің ортасында тұрып алып, філістірлерді қырып-жойып, егістікті аман сақтап қалды. Осылайша Жаратқан Ие Шаммахты үлкен жеңіске жеткізді.
13Егін орағы кезінде Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінде тұрып жатқан Дәуітке келді. Осы кезде філістір әскерінің бір бөлігі Рефаим аңғарында қостарын тікті.#23:13 5:17-25. 14Бетлехемде де олардың қарауылдары орналасқан еді. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерді#23:14 Яғни Адуллам үңгірін (23:13; Пат1 22:1,4). паналап жүрді. 15Сонда Дәуіт: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деп аңсады.#23:15 Бетлехем Дәуіттің туып-өскен ата мекені еді (Пат1 16:1,13). 16Үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге сұйық тарту іспетті бағыштап жерге төгіп тастап: 17«Жаратқан Ие мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген адамдардың қаны іспетті ғой!» — деді. Содан Дәуіт суды ішуден бас тартты. Міне, Үш батырдың ерлік істері осындай болды.
18Зеруяның ұлы Жоғабтың туған інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді.#23:18 Немесе: Әбішай Үш батырдың басшысы еді (Пат1 26:6). Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді. 19Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады.#23:19 Немесе: Үш батырдың арасында даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың біреуі болған жоқ (23:8-11).
20Кәбіселдік Еходай#23:20 Осы есім Ехояда не Иодай деп те дыбысталатын. ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Бенаях қар жауып тұрған бір күні ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді. 21Бенаях бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Мысырлықтың қолында сүңгі болса да, Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді. 22Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді. Жаңағы Үш батыр сияқты ол да даңқты жауынгер болатын. 23Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы#23:23 (8:18; 20:23) Яки: өзінің жеке сақшыларының басшысы. етіп қойды.
24Атақты Отыз батыр мыналар болатын:
Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан, 25хародтық Шаммах, хародтық Елика, 26пәлеттік Хелес, текоялық Икеш ұлы Ирақ, 27анатоттық Әбиезер, хушалық Сипхай,#23:27 (21:18; Шеж1 11:29; 20:4; 27:11) Оның басқа аты: Мебуннай. 28ахоахтық Салмон, нетопаттық Маһарай, 29нетопаттық Бағанах ұлы Хелеп, Буняминдегі гибеялық Рибай ұлы Іттай, 30пиратондық Бенаях, нахале-ғағаштық#23:30 Немесе: Ғағаштағы сайлар жағынан шыққан. Хиддай; 31арбаттық Әби-Албон, бахуримдік Азмаует, 32шағалбондық Әлиахпа, Яшеннің ұлдары, 33харарлық Шаммах ұлы Жонатан, харарлық Шарар ұлы Ахиям, 34мағахаттық Ахасбай ұлы Әліпәлет, ғилолық Ахитопел ұлы Елиям, 35кәрмелдік Хесрай, әрабтық Пағарай, 36собалық Натан ұлы Иғал, ғадтық Бани, 37аммондық Селек, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын тасушы бероттық Нахарай, 38итірлік#23:38 Немесе: яттирлық (Пат1 30:27; Еш 15:48). Ирақ, итірлік Гәреб және 39хеттік Ұрия.#23:39 11:3,6,11.
Батырлардың жалпы саны отыз жеті болды.
Currently Selected:
Патшалықтар 2-ж. 23: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.