Шежірелер 2-ж. 27
27
Яһуда елінің жеңімпаз патшасы Жотам
1Жотам патша болған кезде жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он алты жыл билік жүргізді. Жотамның шешесінің аты-жөні Садық қызы Еруша болатын. 2Әкесі Ұзиях (алғашқыда) істегендей, Жотам да Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Бірақ ол әкесі сияқты еркінсіп Жаратқан Иенің киелі үйіне кірген емес.#27:2 26:16. Ал халық жексұрын қылықтарын#27:2 Пат4 12:4; 15:35. бұрынғысынша жалғастыра берді.
3Жотам Жаратқан Иенің ғибадатханасының Жоғарғы қақпасын қайта салғызып,#27:3 23:20. қала қамалының Опел төбесіндегі#27:3 (33:14; Нех 3:26-27) «Дәуіттің шаһары» деп аталған көне қорған сол төбеде орналасқан еді. бөлігін жөндеп, нығайтып, көп жұмыстар істеді. 4Патша мұның үстіне Яһуда елінің таулы аймағында бірнеше қалалар салғызып, орманды жерлерінде қамалдар мен күзет мұнараларын#27:4 14:7; 26:10,15. тұрғызды.
5Бірде Жотам Аммон патшасына#27:5 20:1,22-23. қарсы соғысып, жеңіске жетті. Сол жылы аммондықтар оған алым-салық ретінде жүз ат басындай күміс, он мың қаптан бидай мен арпа төледі. Екінші, үшінші жылы да олар осылай істеді. 6Жотам сиынған Құдайы Жаратқан Иеге адал болып, Оның жолымен жүргендіктен соншама күшті болды.#27:6 26:5.
7Жотамның қалған іс-әрекеттері мен соғыстарының бәрі «Солтүстік Исраил мен Яһуда патшаларының кітабында» баяндалған. 8Жотам патша болған кезде жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он алты жыл билік жүргізді. 9Жотам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаз орнын басып патша болды.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 27: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.