Маған салыққа төлейтін бір күміс теңгені көрсетіңдерші! — деді. Олар Оған бір күміс теңге әкеліп берді. Иса:
— Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. Олар:
— Рим патшасынікі, — деп жауап берді. Сонда Иса:
— Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады.