1
Жоқтау 1:1
Киелі кітап
(Пайғамбар:) Беу, бір кезде халқы мол болған қала Жападан-жалғыз отыр қазір қалайша! Ол сыйлы болатын халықтар арасында, Ал енді жесірдей болды тым бейшара. Аймақтарды басқарған ақсүйек ханша Жай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда.
Compare
Explore Жоқтау 1:1
2
Жоқтау 1:2
Түнде ол еңіреп жылап жатады, Көз жасы бетінен төмен ағады. Ашына болғандардың ешқайсысы Жұбату үшін қасында қалмапты, Опасыз болып достарының барлығы да Айналып кетті оның жауларына.
Explore Жоқтау 1:2
3
Жоқтау 1:20
Менің қанша азап шегіп келгеніме Аударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие! Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан, Жан дүнием менің алай-дүлей болған, Жүрегім де әбден тынышсызданған. Жол бойы семсер халқымды жалмауда, Үйлердің ішіне де ажал таяуда!
Explore Жоқтау 1:20
Home
Bible
Plans
Videos