1
Билер 16:20
Киелі кітап
Далида: «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды, Самсон!» — деп дауыстады. Самсон ұйқысынан оянғанда, бұрынғыдай бір бұлқынып бұғаудан босап шыға келемін деп ойлады. Ол Жаратқан Иенің өзін тастап кеткенін білген жоқ.
Compare
Explore Билер 16:20
2
Билер 16:28
Сонда Самсон Жаратқан Иеге іштей сиынып: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені қайтадан ескере гөр! О, Құдай, маған осы бір жолға құдіретіңді дарыта көрші! Філістірлерден екі көзім үшін кегімді бір-ақ қайтаруға мүмкіндік бере көрші», — деп мінажат етті.
Explore Билер 16:28
3
Билер 16:17
Ол Далидаға жүрегіндегі бар құпиясын айтып беріп: — Менің басыма ешқашан ұстара тимеген. Анамның құрсағынан-ақ Құдайға ерекше бағышталған жанмын. Егер шашым алынып тасталса, онда бойымдағы зор күштен айырылып, әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын, — деді.
Explore Билер 16:17
4
Билер 16:16
Ақыры, күн сайын Далида қыспақтап сұрай бергендіктен, Самсонның жаны түңіліп, өмірден қатты налыды.
Explore Билер 16:16
5
Билер 16:30
Самсон: «Філістірлермен бірге мен де жан тапсырайын!» — деп сиынып, бағаналарды бар күшімен итерді. Сонда бүкіл ғимарат қирап, ішіндегі філістірлердің әміршілерін және бар халықты басып қалды. Осылайша Самсонның өлер кезінде құртқан жауларының саны оның өмір бойы құртқан жауларының санынан асып түсті.
Explore Билер 16:30
Home
Bible
Plans
Videos