1
Езекиел 18:32
Киелі кітап
Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.
Compare
Explore Езекиел 18:32
2
Езекиел 18:20
Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады.
Explore Езекиел 18:20
3
Езекиел 18:31
Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы?
Explore Езекиел 18:31
4
Езекиел 18:23
Әлде Мені зұлым адамның өліміне қуанады деп ойлайсыңдар ма? Керісінше, Мен оның теріс жолынан қайтып, тірі қалып өмір сүре бергеніне қуанамын!» Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
Explore Езекиел 18:23
5
Езекиел 18:21
Ал егер зұлым адам тәубеге келіп, жасап жүрген барлық күнәларынан бас тартса, әрі Менің ережелерімді ұстанып, игі де әділ іс-әрекет істейтін болса, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүре беретін болады.
Explore Езекиел 18:21
6
Езекиел 18:9
Демек, ол Менің ережелеріме мойынсұнып, заңдарымды сенімділікпен ұстанады. Мұндай адам — әділ жан, ол сөзсіз өмір сүретін болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтамын.
Explore Езекиел 18:9
Home
Bible
Plans
Videos