1
Мысырдан шығу 20:2-3
Киелі кітап
«Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін. Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
Compare
Explore Мысырдан шығу 20:2-3
2
Мысырдан шығу 20:4-5
Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын
Explore Мысырдан шығу 20:4-5
3
Мысырдан шығу 20:12
Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
Explore Мысырдан шығу 20:12
4
Мысырдан шығу 20:8
Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
Explore Мысырдан шығу 20:8
5
Мысырдан шығу 20:7
Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.
Explore Мысырдан шығу 20:7
6
Мысырдан шығу 20:9-10
Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!
Explore Мысырдан шығу 20:9-10
7
Мысырдан шығу 20:17
Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»
Explore Мысырдан шығу 20:17
8
Мысырдан шығу 20:16
Ешкімді бекерге айыптама!
Explore Мысырдан шығу 20:16
9
Мысырдан шығу 20:14
Неке адалдығын бұзба!
Explore Мысырдан шығу 20:14
10
Мысырдан шығу 20:13
Кісі өлтірме!
Explore Мысырдан шығу 20:13
11
Мысырдан шығу 20:15
Ұрлық жасама!
Explore Мысырдан шығу 20:15
Home
Bible
Plans
Videos