Сонда Мысыр жеріндегі әрбір тұңғыш бала, тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, қол диірменді айналдырып отырған күңнің тұңғышына дейін, сондай-ақ мал атаулының алғашқы төлдері де өлетін болады. Бүкіл Мысыр елі бұған дейін болмаған, енді қайтып болмайтын зар еңіреген жоқтауға толады.