1
Заңды қайталау 28:1
Киелі кітап
Сонымен сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған күллі өсиеттерін сақтап орындайтын болсаңдар, Ол сендерді жер бетіндегі барлық халықтардан жоғары қояды.
Compare
Explore Заңды қайталау 28:1
2
Заңды қайталау 28:2
Иә, Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын тыңдайтын болсаңдар, мына жарылқаулардың барлығы сендерге қонып, сендердікі болады
Explore Заңды қайталау 28:2
3
Заңды қайталау 28:13
Егер де Құдай Иелеріңнің өсиеттеріне құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Жаратқан Ие сендерді көштің аяғы емес, басы етеді. Сендер төменде емес, тек жоғарыда жүретін боласыңдар.
Explore Заңды қайталау 28:13
4
Заңды қайталау 28:12
Жаратқан Ие Өзінің «игілікті қазынасын», яғни «аспанның қақпаларын», ашып, еліңе мезгілінде жаңбыр жаудырып, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады. Сендер көп халықтарға қарыз беріп, өздерің ешқайсысынан қарыз алмайсыңдар.
Explore Заңды қайталау 28:12
5
Заңды қайталау 28:7
Жауларың сендерге қарсы көтерілсе, Жаратқан Ие оларды көз алдарыңда тізе бүктіреді. Олар сендерге қарсы бір жолмен аттанса, жеті жолмен кері қашады.
Explore Заңды қайталау 28:7
6
Заңды қайталау 28:8
Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе беріп жатқан елінде сендерді жарылқап, қамбаларыңа және қолға алған барлық іс-әрекеттеріңе ақ батасын жаудырады.
Explore Заңды қайталау 28:8
7
Заңды қайталау 28:6
Келіп-кету жолдарың да жарылқаулы болады.
Explore Заңды қайталау 28:6
8
Заңды қайталау 28:3
Қалада да, далада да жарылқаулы боласыңдар.
Explore Заңды қайталау 28:3
9
Заңды қайталау 28:4
Сендердің ұл-қыздарың, жерлеріңнің өнімдері, малдарыңның төлдері: табындағы бұзауларың мен отардағы қозы-лақтарың жарылқаулы болады.
Explore Заңды қайталау 28:4
10
Заңды қайталау 28:9
Егер де Құдайларың Жаратқан Иенің өсиеттерін сақтап, Оның тура жолымен жүретін болсаңдар, онда Жаратқан Ие ант еткеніндей, сендерді Өзіне бағышталған қасиетті халқы етіп бекітеді.
Explore Заңды қайталау 28:9
11
Заңды қайталау 28:5
Өнім жинайтын себеттерің мен қамыр ашытатын ыдыстарың да жарылқанады.
Explore Заңды қайталау 28:5
12
Заңды қайталау 28:11
Жаратқан Ие ата-бабаларыңа сендерге табыстауға ант еткен елінде әр түрлі игіліктерді молынан сыйламақ: сендердің ұл-қыздарыңа, малдарыңның төлдеріне, жеріңнің өніміне Ол ағыл-тегіл молшылық дарытады.
Explore Заңды қайталау 28:11
13
Заңды қайталау 28:10
Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады.
Explore Заңды қайталау 28:10
14
Заңды қайталау 28:14
Сонымен, мен бүгін сендерге тапсырған өсиеттердің ешқайсысынан да не оңға, не солға бұрылмаңдар, әрі жалған тәңірлердің жолына түсіп, оларға құлшылық етпеңдер!
Explore Заңды қайталау 28:14
15
Заңды қайталау 28:15
Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар
Explore Заңды қайталау 28:15
Home
Bible
Plans
Videos