Жігіттері Дәуітке сыбырлап былай деді:
— Жаратқан Иенің сізге: «Мен қас жауыңды қолыңа тапсырамын, оған қалағаныңды істе» дегені, міне, бүгін іске асып тұр!
Сонда Дәуіт орнынан тұрып, Саулға жақындап барып, білдірмей шапанының бір шетін кесіп қана алды. Бұдан кейін мұнысына да ар-ұжданының алдында ұят сезінді.