1
Патшалықтар 3-ж. 3:9
Киелі кітап
Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек сыйлай гөр! Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа билік жүргізу ешкімнің қолынан келмейтін іс.
Compare
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:9
2
Патшалықтар 3-ж. 3:12
Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:12
3
Патшалықтар 3-ж. 3:11
Сондықтан Құдай оған былай деп жауап берді: — Менен ұзақ өмір, зор байлық немесе жауларыңның жеңіліп, құруын сұраған жоқсың. Қайта, дұрыс шешім жасай алатын түсінік сыйлауымды өтіндің.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:11
4
Патшалықтар 3-ж. 3:13
Менен сұрамағандарыңды — байлық пен атақ-даңқты да саған сыйлаймын. Сендегі болатындай асқан байлық пен атақ-даңқ сенің тірі кезіңде патшалардың арасында ешкімде болмайды.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:13
5
Патшалықтар 3-ж. 3:14
Егер әкең Дәуіт сияқты өзің де Менің ізгі жолдарыммен жүріп, ережелерім мен өсиеттерімді орындайтын болсаң, ғұмыр жасыңды ұзақ қыламын!
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:14
6
Патшалықтар 3-ж. 3:5
Гибеонда Жаратқан Ие Сүлейменге сол түні түсінде аян берді. Сонда Құдай оған тіл қатып: — Өзіңе не сыйлағанымды қаласаң, соны сұра! — деді.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:5
7
Патшалықтар 3-ж. 3:7
Уа, Құдайым Жаратқан Ие, әкем Дәуіттің орнын бастырып алдыңдағы пендеңді патша етіп қойдың. Ал мен әлі жаспын, өз міндеттерімді қалай атқаруды білмеймін.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:7
8
Патшалықтар 3-ж. 3:10
Жаратқан Ие Сүлейменнің дәл осы нәрсені сұрағанына риза болды.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:10
9
Патшалықтар 3-ж. 3:6
Сүлеймен былай деп жауап берді: — Өзіңе қызмет еткен әкем Дәуітке зор рақымыңды көрсетіп отырдың. Себебі ол Өзіңнің алдыңда шын жүректен адал да әділ болып жүрді. Енді оның тағында отыратын ұл сыйлауың арқылы Өзіңнің оған деген зор рақымыңды бүгін де көрсетіп отырсың.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:6
10
Патшалықтар 3-ж. 3:8
Міне, мен Сенің таңдап алған халқыңның арасында тұрмын. Ол — көптігінен өлшеп-санауға келмейтін ұлы халық.
Explore Патшалықтар 3-ж. 3:8
Home
Bible
Plans
Videos