1
Марқа 9:23
Zhana Osiet
Иса оған: -«Егер шамаң келсе», -деп сен ғана айтып тұрсың. Сенетін адамға бәрі де мүмкін, - деді.
Муқоиса
Explore Марқа 9:23
2
Марқа 9:24
Сол сәтте баланың әкесі: -Мен сенемін! Сенімсіз болсам, маған көмектесші, - деп айғай салды.
Explore Марқа 9:24
3
Марқа 9:28-29
Кейінірек Иса үйге кірген кезде, Оның шәкірттері жеке жерде: -Біз неге оны қуып шығара алмадық? -деп сұрады. Иса оларға: -Рухтың осы түрі тек мінәжат пен ораза арқылы ғана қуып шығарылады, - деді.
Explore Марқа 9:28-29
4
Марқа 9:50
Тұздың болғаны жақсы. Егер тұздан дәм кетсе, оның дәмін немен келтіруге болады? Сондықтан өздерің сол тұз сияқты болыңдар, өзара тату -тәтті өмір сүріңдер, -деді Иса.
Explore Марқа 9:50
5
Марқа 9:37
-Кім осындай балалардың біреуін Менің атымнан қабылдайтын болса, ол Мені де қабылдайды, ал кім Мені қабылдаса, тек Мені ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, - деді.
Explore Марқа 9:37
6
Марқа 9:41
Сондықтан кімде-кім сендерді Мәсіхтің ізбасарлары (шәкірттері) болғандарың үшін сендерге бір тостаған су беретін болса, сендерге шындықты айтайын, ол алатын сыйын еш жоғалтпайды.
Explore Марқа 9:41
7
Марқа 9:42
Егер кімде-кім Маған сеніп жүрген осы бір кішкентайлардың біреуін күнәға азғыратын болса, онда оның мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің түбіне тасталғаны ол үшін жақсы болар еді.
Explore Марқа 9:42
8
Марқа 9:47
Егер сенің көзің сені азғыратын болса, онда оны ойып алып таста. Екі көзіңмен тозақтың мәңгілік азабына тасталғаныңнан гөрі, сенің бір көзіңмен Құдайдың Патшалығына кіргенің саған жақсы болар еді
Explore Марқа 9:47
Асосӣ
Китоби Муқаддас
Нақшаҳо
Видео