1
Жохан 16:33
Zhana Osiet
Мен мұны сендер Мендегі тыныштыққа ие болсын деп айтып тұрмын. Осы әлемнен зорлық -зомбылық көресіңдер, алайда батыл болыңдар! Мен осы әлемді жеңдім! - деді.
Муқоиса
Explore Жохан 16:33
2
Жохан 16:13
Ал келетін Рух -Ол шындықтың Рухы, міне, сол Рух келгеннен кейін, сендердің әрбіреуіңді шындыққа жетелейді. Өйткені Ол Өз атынан сөйлемейді, керісінше, Ол нені естісе, тек соны айтады және Ол алдағы болатын жайттарды ашып, жариялап тұрады.
Explore Жохан 16:13
3
Жохан 16:24
Осы уақытқа дейін сендер Менің атыммен еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар, ал енді сендердің қуанышты сәттерің толық болу үшін, сұраңдар, сонда аласыңдар.
Explore Жохан 16:24
4
Жохан 16:7-8
Алайда Мен сендерге шындықты айтып тұрмын: Менің кеткенім сендерге пайдалы болады. Егер де Мен кетпейтін болсам, онда сендерге Қамқоршы келмейді. Мен Оны тек сол жаққа барғанда ғана сендерге жіберемін. Ол келген соң, осы әлемді әшкерелеу үшін, күнә туралы, әділдік туралы және сот туралы Ол айтып жеткізетін болады.
Explore Жохан 16:7-8
5
Жохан 16:22-23
Міне, сендер де дәл сондай қайғылы күйде тұрсыңдар, ал Мен өздеріңмен қайтадан көрісіп, қауышқан сәтте сендердің жүректерің қуанышты күйде болады. Сендердің сол қуанышты сәттеріңді ешкім сендерден тартып ала алмайды. Сол күн келгенге дейін сендер Менен еш нәрсе де сұрамайсыңдар. Сендерге шындықты, тек шындықты айтайын: Әкеден не сұрасаңдар, оны тек Менің атымнан сұраңдар, сонда сол сендерге берілетін болады.
Explore Жохан 16:22-23
6
Жохан 16:20
Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: сендер жылап және жоқтау айтатын боласыңдар. Бұған осы әлем қуанатын болады, ал сендер қайғыда боласыңдар, бірақ сендердің қайғыларың қуанышқа айналады.
Explore Жохан 16:20
Асосӣ
Китоби Муқаддас
Нақшаҳо
Видео