1
Жохан 12:26
Zhana Osiet
Егер де біреу Маған қызмет етемін десе, сол Менің соңымнан ерсін. Мен қайда болсам, Менің қызметшім де сонда болады. Егер де біреу Маған қызмет ететін болса, оны Әкем де құрметтейтін болады.
Муқоиса
Explore Жохан 12:26
2
Жохан 12:25
Кім осы әлемде жүріп, өз жанын жақсы көретін болса, оны жоғалтады, кім осы әлемде жүріп, өз жанын жеккөрсе, оны ол мәңгілік өмір үшін сақтап қалады.
Explore Жохан 12:25
3
Жохан 12:24
Сендерге шындықты тек шындықты айтамын: егер де жерге түскен бидайдың дәні өлмесе, оның тек бір өзі ғана қалады. Егер де ол өлсе, онда оның беретін жемісі көп болады.
Explore Жохан 12:24
4
Жохан 12:46
Мен-осы әлемге келген Жарықпын, Маған сенген әркім түнекте қалмайды.
Explore Жохан 12:46
5
Жохан 12:47
Егер біреу Менің сөзімді естіп, алайда оны сақтай алмаса, Мен оны соттамаймын. Мен осы әлемді соттау үшін емес, керісінше, Мен құтқару үшін келдім.
Explore Жохан 12:47
6
Жохан 12:3
Сол кезде Мәриям таза нардтан жасалып, құтыда сақталған аса қымбат мүр майын Исаның аяғына жақты. Сосын Оның аяғын өзінің шашымен сүртіп шықты. Үйдің іші мүр майының аңқыған иісіне толып кетті.
Explore Жохан 12:3
7
Жохан 12:13
Олар Исаны қарсы алу үшін, қолдарына құрма (пальма) ағашының бұтақтарын ұстап, Оның алдынан шықты. Олар дауыстап: -Құтқара гөр! (Осанна!) Иеміздің атынан келген Исраилдің Патшасы жарылқансын! -деп жар сала айғайлады.
Explore Жохан 12:13
8
Жохан 12:23
Міне, осы кезде Иса оларға: -Адам Ұлының даңққа бөленетін уақыты келді, - деді.
Explore Жохан 12:23
Асосӣ
Китоби Муқаддас
Нақшаҳо
Видео