YouVersion Logo
Search Icon

Зәкәрия 8

8
Жаратқан Иенің Иерусалимге берген уәдесі
1Осыдан кейін Әлемнің Иесі маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2— Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мен Сионды зор құштарлықпен сүйемін. Оған деген құштарлығым ішімде оттай лаулап тұр.#8:2 Немесе: Мен Сионның (жалған тәңірлерге табынатын) бөтен халықтардың қолында болғанына төзбеймін. Оған деген қызғанышым ішімде оттай лаулап тұр (1:14; Мыс 20:5).3Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Сионға қайта оралып, Иерусалимде тұратын боламын. Сонда Иерусалим «Ақиқат қаласы», әрі Әлемнің Иесінің киелі үйі орналасқан Сион тауы «Оған бағышталған қасиетті тау» деп аталмақ.#8:3 2:10; 8:16; 14:20-21; Иш 1:26.
4Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Шал мен кемпірлер қайтадан Иерусалимнің көшелерінде отырып, жастары соншама ұлғайғандықтан қолдарына таяқ ұстап алатын болады. 5Сонда қала көшелері ойнап жүрген ұл-қыздарға толады. — 6Әлемнің Иесі былай деп сұрақ қояды: — Қазіргі кезде осы халықтың тірі қалғандарына бұл айтқандарымның жүзеге асуы тым керемет болып көрінсе, оның Мен үшін де тым керемет болып көрінгені ме?#8:6 Жар 18:14; Ерм 32:17,27.7Әлемнің Иесі Өзі жауабын беріп мынаны уәде етеді: — Біліп алыңдар, Мен өз халқымды күншығыстан батысқа дейінгі бүкіл елдерден құтқарып аламын! 8Оларды Иерусалимде тұруға бастап әкелемін. Олар Менің халқым, Мен олардың Құдайы болып адалдық пен әділдік танытамын».
9Әлемнің Иесі Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Басталған істі бітіру үшін қолдарыңның күшін нығайтыңдар! Осы сөздерді бүгін пайғамбарлардың аузынан естіп отырсыңдар. Әлемнің Иесінің киелі үйінің негізі қаланған кезде де пайғамбарлар сендерді оны бітіруге жігерлендірген еді. 10Сол уақытқа дейін еңбегі үшін адамға да, көлік малына да ақы төленбейтін еді.#8:10 Хақ 1:6-11; 2:15-19. Мен барлық адамдарды бір-біріне қарсы жау қылып қойғандықтан, жолға шыққандар зорлықшылдардан қауіпсіз бола алмады».
11«Бірақ бұдан былай Мен осы халықтың тірі қалғандарына бұрынғыдай істемеймін, — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — 12Енді аман-есен тұқым себіліп, жүзімдік өз жемісін, жер өз өнімін беріп, аспан өз шығын#8:12 Бұл өлкеде түнде түскен шық жауынның маңызды түрі болып табылады (Жар 27:28; Бил 6:37; Жыр 132:3; Дан 4:12; Ош 14:6; Хақ 1:10). түсіріп тұратын болады. Мұның бәрін Мен осы халықтың тірі қалғандарына мұралық меншік етіп беремін.#8:12 Хақ 2:5,19; Езк 34:25-27; Леу 26:3-12. 13Уа, Яһуда халқы әрі (Солтүстік) Исраил халқы! Сендер бұрын басқа ұлттардың арасында қарғысқа ұшырағанның мысалы болып келген едіңдер. Ал енді Мен сендерді құтқарамын, сонда сендер жарылқанып, игілікке кенелесіңдер. Қорықпаңдар, қолдарыңның күшін нығайтыңдар!»
14Себебі Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Ата-бабаларың бұрын қаһарымды тудырғанда Мен сендерді апатқа ұшыратуды ұйғарып, аяушылық білдірмеген едім. 15Алайда осы күндері Мен Иерусалим мен Яһуда еліне қайтадан жақсылық жасауды ұйғардым, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі. — Сондықтан қорықпаңдар!»
16«Міне, мынаны істегендерің жөн: бір-біріңе шындықты айтыңдар, сот орындарыңда әділ әрі ынтымаққа жетелейтін үкім шығарыңдар! 17Біреуге қарсы зұлымдық ойластырмаңдар, жалған ант беруге салынбаңдар! Мен осылардың бәрін жек көремін!» — деп ескертеді Жаратқан Ие.
Қуанышты мейрамдарға басқа ұлт адамдары да қатыспақ
18Кейін Әлемнің Иесі маған тағы да сөзін арнап былай деді: 19«Әлемнің Иесі мынаны айтады: Әр жылдың төртінші, бесінші, жетінші және оныншы айларында ұстап келген ораза мезгілдеріңнің орнына#8:19 Халық жыл сайын төртінші айда Бабыл әскерінің б.з.д. 586 ж. Иерусалимге басып кіргенін, бесінші айда ғибадатхананың қиратылғанын, жетінші айда Дәуіт патшаның ұрпағы Ғодалиях әкімнің қастандықпен өлтірілгенін және оныншы айда жаудың б.з.д. 588 ж. Иерусалимді қамауға алғанын (Ерм 39:1; 52:4,6-7,12-14; 41:1-3) еске алу үшін ораза ұстайтын. бұдан былай Яһуда елінде шат-шадыман болып, жайдары мерекелер өткізесіңдер! Сондықтан шындық пен татулықты сүйіп қолдап-қорғаңдар!»
20Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Болашақта басқа халықтар мен көптеген қалалардан адамдар Иерусалимге келетін болады. 21Сол кезде бір қаланың тұрғындары басқа бір қаланың халқына барып: Жүріңдер, тезірек барып, Жаратқан Иенің мейірімін сұрайық! Әлемнің Иесіне бет бұрып сиынайық! Біз өзіміз сонда бара жатырмыз, — дейді.#8:21 2:11; Мих 4:1-5; Иш 2:3. 22Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге сиынып рақым етуін өтіну үшін Иерусалимге келетін болады».
23Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Сол күндері әрбір яһудалық адамның киімінен әр түрлі тілдер мен ұлттардың он адамы ұстап алып: Құдайдың сендерге жар болып, сендермен бірге екенін естігенбіз. Өзіңмен бірге баруға рұқсат ете көрші, — деп жалынатын болады».#8:23 Иш 45:11,14,23-24; 60:10-11.

Currently Selected:

Зәкәрия 8: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Зәкәрия 8