YouVersion Logo
Search Icon

Зәкәрия 6

6
Сегізінші көрініс: төрт күйме
1Мен қайтадан жоғары қарап, екі таудың арасындағы шатқалдан шығып келе жатқан төрт күймені көрдім. Сол екі тау қола тау екен. 2Бірінші күймеге жирен, екіншісіне қара, 3үшіншісіне ақбоз, төртіншісіне ала аттар жегіліпті. Аттардың бәрі де мықты екен. 4Сонда мен өзіммен сөйлескен періштеден:
— Мыналар не, мырзам? — деп сұрадым. 5Періште маған:
— Бұлар көктің төрт рухын бейнелейді. Осы төрт рух бүкіл жер бетінің Иесінің алдында тұратын нөкерлері. Олар Оның еркін орындауға шығып бара жатыр,#6:5 1:10-11; Жыр 67:18; Дан 7:10; Езк 37:9. — деп түсіндірді. — 6Қара аттар жегілген күйме солтүстік жаққа қарай, ақбоз аттар жегілген күйме олардың артынан,#6:6 Немесе: батысқа қарай. ал ала аттар жегілген күйме оңтүстікке қарай бағыт алды.
7Сол мықты аттар алға шығып, жер бетін шолып қайтуға асыға жұлқынды. Сондықтан ол: «Барыңдар, жерді шолып қайтыңдар!» — деп бұйырды. Осыны естісімен олар жерді шарлауға аттанды.
8Сонда Жаратқан Ие маған дауыстап:
— Біліп ал, солтүстікке кеткендер сол өлкеге#6:8 Яғни Бабыл мен басқа да жау елдеріне (1:14-15; Езк 5:13; 24:13). Менің қаһарлы жазамды тартқызып, Рухымды тыныштандырды, — деді.
Бас діни қызметкер Ешуаға арналған тәж
9Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
10— Бабылға жер аударылудан қайта оралған Хелдай, Тобиях және Едаях есімді адамдардан алып келген сый-тартуларын қабылдап, сол күні Софония ұлы Жосияның үйіне бар! 11Осы күміс пен алтыннан алып, тәж жасатып, оны бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаның басына кигіз.#6:11 3:1; Шеж1 6:15; Езр 2:2; 3:2. 12Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін»#6:12 (3:8) Яки: «Өркен». есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады. 13Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды. 14Ал тәж Хелдай,#6:14 Хелдай есімінің басқа түрлері: Хелем, Хелед (Шеж1 11:30). Тобиях, Едаях және Софония ұлы Хеннің#6:14 Хен: Жосияның қосымша аты (6:10). қамқорлығына тапсырылып, ғибадатханада естелік белгі ретінде сақталады.
15Алыста тұратын халықтар келіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын салуға көмектесетін болады.#6:15 Иш 60:4-11. Сонда мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. Егер Құдай Иелеріңнің айтқандарына бұлжытпай құлақ ассаңдар, осының бәрі жүзеге асады.

Currently Selected:

Зәкәрия 6: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Зәкәрия 6