Нехемия 7
7
1Қала қабырғасы салынып біткен кезде мен қақпалардың есіктерін орнаттырып қойдым. Содан қақпа күзетшілері, ғибадатхана әншілері және леуілік ғибадатхана қызметшілері міндеттеріне тағайындалды. 2Мен ағайыным Хананиға#7:2 1:2. және қорғанның#7:2 2:8. бастығы Хананияхқа#7:2 10:23. Иерусалимнің үстінен билік жүргізуді тапсырдым. Өйткені Хананиях сенімді адам болатын және Құдайды басқалардан гөрі артық қастерлейтін еді. 3Екеуіне мынадай нұсқау бердім: «Күн ысып, қақпа күзетшілері өз орындарында тұрмайынша Иерусалимнің қақпалары ашылмай, есіктері жабылып, кесе-көлденең бөренелермен бекітіліп тұрсын! Иерусалимнің тұрғындарының арасынан сақшыларды тағайындаңдар. Олар қала қабырғасын бойлай және өз үйлерінің қарсысында қарауылда тұратын болсын».
Жер аударылудан қайтқан оралмандардың тізімі
4Сол кезде қала кең-байтақ, ал ішіндегі халқы аз болатын. Қаладағы үйлер әлі де қайта салынбаған еді. 5Содан Құдай маған жетекшілер мен қызметкерлерді және жай халықты жинап, әрқайсысын шығу тектері бойынша тіркеп жазып алу жайлы ой салды. Мен ең бірінші болып елге қайтып келген оралмандардың#7:5 Езр 1:5; 2:1. шежіре жазбасын тауып алып, сонда жазылған төмендегі сөздерді оқыдым:
6Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендер мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды. 7Олардың жетекшілері: Зоробабел,#7:7 Есімі Зеруббабыл деп те жазылатын осы адам бір кезде Яһуда аймағының әкімі болды (12:1; Езр 3:2,8; Хақ 1:1,12,14). Ешуа, Нехемия,#7:7 Ешуа: сол кездегі бас діни қызметкер (12:7; Езр 2:2; Хақ 1:1). Нехемия: осы жазбаны жазған әкім Нехемия емес (Езр 2:2). Азариях, Рағамиях, Нахамани, Мардохай, Билшан, Мисперет, Бигуай, Нехум, Бағанах.
Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
8Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
9Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
10Арахтың ұрпақтары: алты жүз елу екі адам.
11Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб есімді екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он сегіз адам.
12Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
13Заттудың ұрпақтары: сегіз жүз қырық бес адам.
14Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
15Бинуйдің ұрпақтары: алты жүз қырық сегіз адам.
16Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма сегіз адам.
17Азғадтың ұрпақтары: екі мың үш жүз жиырма екі адам.
18Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс жеті адам.
19Бигуайдың ұрпақтары: екі мың алпыс жеті адам.
20Адиннің ұрпақтары: алты жүз елу бес адам.
21Атердің Езекияның тұқымынан шыққан ұрпақтары:#7:21 2:16. тоқсан сегіз адам.
22Хашумның ұрпақтары: үш жүз жиырма сегіз адам.
23Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма төрт адам.
24Харифтің ұрпақтары: жүз он екі адам.
25Гибеонның#7:25 Яки: Гибардың (Езр 2:20). ұрпақтары: тоқсан бес адам.
26Бетлехем мен Нетопаттың адамдары: жүз сексен сегіз.
27Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
28Бет-Азмауеттің адамдары: қырық екі.
29Кирият-Иғарым, Кефира, Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
30Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
31Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
32Бетел мен Айдың#7:32 (Жар 12:8; Еш 7:2) Осы қаланың аты Гай деп те жазылады. адамдары: жүз жиырма үш.
33Басқа Небоның адамдары: елу екі.
34Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
35Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
36Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
37Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бір.
38Сенаяхтың адамдары: үш мың тоғыз жүз отыз.
39Діни қызметкерлер:
Едаяхтың Ешуадан тараған ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
40Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі адам.
41Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
42Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.
43Леуіліктер:
Ешуаның және Қадмиелдің Ходеуа#7:43 Осы есімнің Ходауиях, Годавия, Годева деген түрлері де бар (Езр 2:40). арқылы тараған ұрпақтары: жетпіс төрт адам.
44Әншілер:
Асафтың ұрпақтары: жүз қырық сегіз адам.
45Қақпа күзетшілері:
Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита, Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз сегіз адам.
46Ғибадатхана қызметшілері:
Сиха, Хасуфа, Таббаот, 47Керос, Сиях, Падон, 48Лебанах, Хагабах, Шалмай, 49Ханан, Гиддел, Ғахар, 50Реях, Ресин, Некода, 51Ғазам, Ұзза, Пасеах, 52Бесай, Меуним, Нефисим, 53Бақбұқ, Хақуфа, Хархур, 54Баслут, Мехида, Харша, 55Барқос, Сисара, Тамах, 56Несиях, Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
57Сүлейменнің қызметшілері:
Сотай, Соферет, Перида, 58Ялах, Дарқон, Гиддел, 59Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим, Амон есімді аталардың ұрпақтары.
60Ғибадатхана қызметшілері әрі Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.
61Мыналар Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген еді, бірақ олар өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмады:
62Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз қырық екі адам.
63Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос, Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың#7:63 Пат2 17:27-29; 19:31-32; Езр 2:61. бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
64Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді. 65Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік#7:65 Яки: Адал және Ақиқат (Мыс 28:30). атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».#7:65 Езр 2:63; Леу 2:3,10; 6:14-18; Рул 18:8-10; Езк 46:20.
66Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.#7:66 Езр 2:64-тегі түсініктемені қ. 67Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз қырық бес еркек, әйел әншілері#7:67 Шеж2 35:25. болды.
68Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,#7:68 Пат3 1:33; Иш 66:20. 69төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
Басшылар мен халықтың берген сый-тартулары
70Бірқатар әулет басшылары құрылыс жұмысына өз үлестерін қосты. Аймақтың әкімі қазынаға бір мың алтын теңге, елу алтын тостаған және діни қызметкерлерге арнап бес жүз отыз көйлек#7:70 Бір мың алтын теңге (яки дарик): 8320 г алтын. Алтын тостаған: Шеж2 4:8,11. Көйлек: Мыс 39:22,27. тарту етті. 71Өзге әулет басшыларының бірнешеуі жұмыс қорына арнап жиырма мың алтын теңге және екі мың екі жүз қадақ күміс#7:71 Шамамен 1300 кг күміс. берді. 72Ал халықтың қалған бөлігінің тарту еткені жиырма мың алтын теңге, екі мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған алпыс жеті көйлек болды.
73Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, қақпа күзетшілері, әншілер, жалпы халықтың біразы және ғибадатхана қызметшілері өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.#7:73 11:1-3,25-36; 12:27-29; Езр 2:70.
Currently Selected:
Нехемия 7: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.