Нехемия 1
1
Кіріспе
1Бұл — Ахалиях ұлы Нехемияның басынан кешкендерін баяндаған сөздері.
(Артақсерікс патшалық құрған) жиырмасыншы жылдың тоғызыншы айында#1:1 Яки кислеп айында (Зәк 7:1). (Б.з.д. 445 ж. қараша-желтоқсан айларында.) мен бекіністі астана Сузыда#1:1 Яки: Сузы қорғанында. (Парсы патшалығының Елам аймағындағы Сузы (яки Сузан) қаласында патшаның қысқы сарайы орналасқан еді: Езр 4:9; Ест 1:2; 2:8; 3:15.) тұрып жаттым. 2Сол кезде ағайындарымның бірі — Ханани#1:2 7:2. бірнеше адаммен бірге Яһуда аймағынан сапарлап келіп, маған соқты. Мен олардан (Бабылға) жер аударылудан елге қайтқан яһудилердің күй-жайын және Иерусалим қаласының хал-жағдайын сұрадым.
3Олар маған: «Жер аударылудан аман қалып, сол аймаққа қайта оралғандардың#1:3 7:6; Пат4 25:11; Езр 2:1; 7:6-7; 8:1,18-20; 9:8. күй-жайы мүшкіл, көргендері қорлық! Иерусалимді қоршаған қабырғалар қиратылған,#1:3 Пат4 25:10. қақпалары да өртелген», — деп баяндады.
Нехемияның қайғырып, мінажат етуі
4Мұны естігенде мен отыра қалып, бірнеше күн бойы қайғырып жылап, ораза ұстап, көктегі Құдайға мінажат еттім. 5Былай деп сиындым: «Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңнің уәделерін орындап, берік мейіріміңді көрсететін ұлы да айбынды Құдайсың.#1:5 4:14; 9:32; Дан 9:4. 6Қызметшілерің — Исраилдің үрім-бұтағы үшін күні-түні Өзіңе сиынып отырған мендей құлыңның дұғаларына құлағыңды түріп, назарыңды аудара гөр! Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық. 7Өзіңе қарсы зұлым істер істедік. Өз қызметшің Мұса арқылы бұйырған өсиеттерің, ережелерің және шешімдеріңді ұстанған жоқпыз.
8Сен қызметшің Мұсаға тапсырған мына сөзіңді есіңе ала гөр: «Егер Маған опасыздық жасасаңдар, сендерді басқа халықтардың арасына таратып жіберемін. 9Бірақ егер Маған қайта оралып, өсиеттерімді ұстанып орындайтын болсаңдар, онда тіпті жердің қиыр шеттеріне дейін айдалып тасталған болсаңдар да, Мен сендерді сол жақтан жинаймын, әрі өз есімімді орнатуға таңдап алған жерге қайтарып әкелемін!»#1:9 Заң 30:2-4; 12:5; Жыр 131:13-14; Езк 20:40-42.
10Исраил халқы — Сенің құдіретті қолыңды алға созып ерен күш-қуатыңмен құтқарып алған қызметшілерің әрі халқың ғой. 11О, Жасаған Ие, Саған бойсұнған менің және есіміңді сүйсіне қастерлейтін басқа да қызметшілеріңнің дұғаларымызға құлақ аса гөр! Енді патшаны маған оң көзімен қаратып, ісімді табысты қыла гөр!»
Себебі сол кезде мен патшаның сусындарын басқарып, дайындайтын уәзірі#1:11 2:1; Жар 40:21. болатынмын.
Currently Selected:
Нехемия 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.