Марқа 13:35-37
Марқа 13:35-37 КК 2010
Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) Кенеттен келе қалған кезімде рухани ұйықтап жатпаңдар! Сендерге айтқанымды бәріне де айтамын: сергек болыңдар!