YouVersion Logo
Search Icon

Миха 2

2
Зорлықшыл байлардың жазалануы
1Зұлымдықты жоспарлап, төсек орындарында сұмдық істерді ойластырып жататындар қасіретке қалады! Таң ата олар соларын жүзеге асырады, өйткені бұған олардың құдіреті жетеді. 2Сондайлар басқаның егістіктеріне сұқтанып, тартып алады, үйлеріне сұқтанып, оларды да иемденіп алады.#2:2 Мыс 20:17. Олар адамды үй-жайынан, тіпті мұралық жерінен айырады.
3Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен бұл халыққа апат жібермекпін! Сендер содан еш құтыла алмайсыңдар! Енді қайтып маңғаздана кеуде керіп жүрмейсіңдер, өйткені бұл қиын-қыстау кезең болады. 4Сол күні адамдар сендерді келемеждеп, бастарыңнан өткен ауыртпалық туралы мына қайғылы жырды айтатын болады:
Ой, қасірет, біз құрыдық біржолата,
Халқымның мұралық жері қолды болды!
Құдай меншігімізді алып қойды да,
Опасыз жаудың қолына#2:4 Яки: Опасыз Ассурға (Иш 10:5-7; 24:16; 33:1). бере салды!
5Сондықтан Жаратқан Иенің қауымында жерді қайтадан жеребемен бөлісіп үлестіргенде сендердің ешқайсыларың соған қатыспайсыңдар».
Жалған пайғамбарлар
6Олардың пайғамбарлары: «Бізге бұл жайттар туралы пайғамбарлық сөз айтпаңдар!#2:6 Яки: Бізге Құдайдың хабарын жеткізбеңдер! (Иш 30:10; Амо 2:12; 7:16) Олай істеуге болмайды! Бұндай масқара басымызға түсе қоймас!» — дейді. 7Уа, Жақыптың үрім-бұтағы:#2:7 Яки: Исраил халқы. «Жаратқан Иенің төзімділігі таусылмайды. Ол сондай істер істемейді», — деп айтуға бола ма?!
(Ал Жаратқан Ие мынаны айтады:) «Егер сендер түзу жолмен жүріп, істеген істерің әділ болса, Менің сөздерімді ізгі дер едіңдер. 8Ал енді халқым дұшпандай бас көтеріп отыр. Сендер жандарыңнан алаңсыз өтіп бара жатқан адамның киім-кешегін үстінен сыпырып алып, оны шайқастан келе жатқан адамдай алба-жұлба қыласыңдар. 9Сендер халқымның әйелдерін өздерінің жайлы үйлерінен қуып шығып, Мен оларға тапсырған меншікті жерін олардың балаларынан түпкілікті алып қоясыңдар. 10Тұрыңдар! Кетіңдер! Бұл елде бұдан былай аман-есен тұра алмайсыңдар. Өйткені жер арамдалып, енді қайтып қалпына келмейтіндей құртылды».
11Егер алдамшы пайғамбарсымақ келіп: «Сендерге шарап пен сыраның мол болатыны жайлы жақсы хабар айтамын!» десе, мына халыққа керегі — дәл сондай пайғамбар!
Зор апаттан аман қалғандарға үміт
12«Мен сендерді сөзсіз жинап аламын, уа, Жақыптың үрім-бұтағы! Исраилдің тірі қалғандарын міндетті түрде бірге жинаймын. Оларды қойды қораға жинағандай әрі жайлаудың малға толатынындай жинап алып келемін. Сонда елің халықтың көптігінен у-шудан жаңғыратын болады. 13Олардың алдында көшбасшы жолды ашып жүріп отырады, осылай халық (өздерін тұтқында ұстап отырған жау қалаларының) қақпаларын бұзып шығады. Патшасы халқының алдарында жүріп, Жаратқан Ие оларды бастап алып шығады».

Currently Selected:

Миха 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in