YouVersion Logo
Search Icon

Матай 15:25-27

Матай 15:25-27 КК 2010

Әйел Оның алдына келіп, иіліп тағзым етіп: — Тақсыр, маған көмектесе көріңіз! — деп жалынғанда, Иса оған астарлап: — «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді. Әйел: — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де иелерінің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой, — деп жауап берді.