Жоқтау 3
3
Халықтың мұңын шағуы әрі жұбанышының себебі
1(Пайғамбар не қайғырған басқа адам:)
Иемнің қаһарынан таяқ жеген адаммын мен,
2Ол айдап жүргізді мені жарық емес, түнекпен.
3Күн ұзағына Ол өзімді ұрғылай береді,
4Ет пен терімді шірітіп, сындырды сүйектерімді,
5Зор азап, ауыртпалықпен мені қоршап алды,
6Ежелде өлгендердей түнекте отырғызды.
7Шықпастай қоршап, Ол мені қоламен шынжырлады.#3:6-7 Әйүп 3:23; 19:8; Жыр 87:7,9.
8Қатты шақырсам да, дұғама құлақ салмады.
9Жолымды Ол ирелеңдетіп қисық қылды,
Қашалған қойтастар қойғандай бөгет салды.
10Ием мен үшін аңдып жатқан аюдай,
Әрі жасырынып жатқан арыстандай,
11Ол мені жолдан сүйреп, талап тастады,
Мүлдем дәрменсіз қылып оңаша қалдырды.
12Жаратқан мергендей садағын тарта берді,
Жебелері үшін нысана етті мені,
13Осылайша Ол бүйректеріме менің
Атқылады қорамсағының жебелерін.
14Мен бүкіл халқымның күлкісіне айналдым,
Олар мазақтап мені ән салады күн сайын.#3:14 Жыр 21:7-8,13-14.
15Ием мені ащы күйінішпен тойдырды,
Удай ащы жусаннан ішкізіп мас қылды.#3:15 3:19; Заң 29:18; Ерм 9:15; Әйүп 9:18.
16Тәңір тістерімді таспен сындырып тастады,
Күл-топыраққа Ол мені басып таптады.
17Тыныштық атаулыдан айырылды жаным,
Амандықтың не екенін мүлдем ұмытқанмын.
18Былай дедім: ғайып болды Менің бар күшім,
Жаратқан Иеге артқан бүкіл үмітім.
19Мүшкіл халім мен мүсәпір жағдайымды
Еске алсам, күйініш толтырады жанымды.
20Олар жадымда берік сақталып қалады.
Содан жаным түңіліп, қатты қайғырады.
21Алайда мына жайтты есіме аламын,
Соған мен енді үмітімді артамын:
22Түгелдей құрып кетпегеніміз біздің
Берік рақымынан Жаратқан Иенің,
Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім,
23Жаңара береді ол таң атқан сайын.
Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
24Өзіме: «Жаратқан Ие — үлесім менің,#3:24 Яғни Жаратқан Ие әрдайым маған жар әрі шынайы игіліктерімнің көзі болады (Жыр 15:5; 72:25-26).
Сондықтан үмітімді артам Оған!» деймін.
25Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға,
Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға!
26Жаратқанның оны құтқарып азат етуін
Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
27Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргені#3:27 Яки: Жас кезінде-ақ «мойынтұрықты киіп» Жаратқан Иенің тәрбиесіне мойынсұнғаны (Жыр 93:12; Мат 11:29-30).
Адам баласы үшін сондай игілікті!
28Оңашада отырсын ол тыныштықпен,
Өйткені Жаратқан Ие соны оған жүктеген.
29Тәңірге бағынып жерге дейін бас исін,
Әлі де үміт бар шығар сол адам үшін,
30Өзін соққан жауға бетін ұсынсын,
Соның көрсеткен көп қорлығына көнсін.#3:30 Әйүп 16:10; Жыр 122:3-4; Иш 50:5-7; Мат 5:39.
31Өйткені өз халқын Жаратқан Ие
Өзінен аластатпайды мәңгілікке.
32Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді,
Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
33Адам баласына қайғы-қасіретті
Ол өз жүрек қалауымен жібермейді.
34Қайта, елдегі бар тұтқынды басып жаншуды,
35Хақ Тағала алдында адам құқығын бұзуды,
36Адамға тиісті әділдікті бұрмалауды:
Жаратқан Ие көрмей ме сол сұмдықтарды?
37Жаратқан Ие солай болсын демесе,
Адам қолынан мұндай нәрсе келе ме?
38Ауыртпалық пен амандық екеуі де
Жаратқан Иенің айтуымен келмей ме?#3:38 Иш 45:7; Ерм 32:42; Әйүп 2:10.
39Адам өз күнәсі үшін қасірет шексе,
Оның шағым айтуы керек несіне?
40Жүрген жолдарымызды байқап сынайық,
Жаратқан Иеге қайтадан оралайық!
41Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық,
Оған сиынып қолымызды жаяйық:
42«Біз опасыз болып бағынбай кеттік Саған,
Әрі Сен кешірім берген жоқсың бұған.
43Қаһарыңа бөленіп, бізді қудаладың,
Еш мейірімділік көрсетпей қырып-жойдың.
44Өзіңе өтпеуі үшін дұғамыздың,
Сен бұлтпен тұмшаланып жасырындың.
45Бізді халықтар арасындағы «қоқысы»
Етіп жібердің әрі «сыпырындысы».
46Күллі қарсыластарымыз да бізді
Ауыздарын кең ашып келемеждейді.
47Бар көретініміз — үрей мен тұзақ,
Қырылу мен ойранға душар болдық».
48Ойран түсті қымбат халқымның басына,
Содан көз жасым көл болып ағылуда.
49Көз жасым еш тоқтамай аға береді де,
50Жаратқан Ие көктен қарап көрмейінше.
51Қаланың бейбақ әйел затына бола
Жаным қайғы-қасіретке батуда.
52Дұшпандарымның хақысы болмағанмен,
Құс аулағандай соңымнан қуып жеткен.
53Құдық ішінде#3:53 Яки: Бір ордың (зынданның) ішінде (3:55; Ерм 38:6; Жар 37:22,24). олар жанымды алмақ болды,
Сонымен қатар мені таспен атқылады.
54Су ағыны асып кетті сонда басымнан,
Мен: «Құрыдым енді!» деп түңіліп ойлағам.
55Атыңды сенің терең құдық түбінен
Уа, Жаратқан Ием, атап шақырдым мен.
56«Құлағыңды көмек сұраған үнімнен
Жаппашы!» деген жалынышымды естідің Сен.
57Солай шақырғанымда жақындап келдің,
«Еш қорықпа!» деп мені жігерлендірдің.
58Уа, Жасаған Ие, Сен мүддемді қорғадың,
Құнын өтеп менің өмірімді құтқардың.
59Ием, шеккен зорлығымды көріп келесің.
Әділдікпен шеше гөр ісімді менің!
60Сен көресің дұшпандардың кекшіл қылықтарын,
Олардың маған қарсы ойлаған сұмдықтарын,
61Уа, Ием, мені мазақтап қорлағандарын
Маған қарсы құрып қойған жоспарларын,
62Қарсыластарымның күнде күбірлескендерін,
Маған қарсы сөз байласып жүретіндерін.
63Назар аударшы: олар отырса да, тұрса да,
Мені ылғи әнге қосып келеке қылуда.
64Уа, Жаратқан Ие, осы дұшпандарыма
Істеріне тиісті жаза тартқызасың,#3:64 Жыр 27:4; Ерм 51:6.
65Жаулардың жүректерін қасарыстырасың,#3:65 Мыс 14:8; Иш 6:10.
Оларды қарғысыңа ұшыратасың,
66Уа, Ием, қаһарлана қудалайсың,
Аспаныңның астынан аластатасың.
Currently Selected:
Жоқтау 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.