YouVersion Logo
Search Icon

Ешуа 6

6
Иерихонға шабуыл жасауға дайындық
1 # 6:1 5:16-дағы түсініктемені қараңыз. Жаратқан Ие Ешуаға былай деп нұсқау берді: «Біліп қой, Мен Иерихонды патшасымен, батыл да мықты жауынгерлерімен бірге сенің қолыңа тапсырып отырмын. 2Күллі жасақшыларың күніне бір рет қаланы айналып шықсын. Алты күн бойы осылай істеңдер. 3Келісім сандығының алдында бір-бір керней#6:3 Яғни қошқар мүйізінен жасалған үрмелі аспап (Леу 25:9). ұстаған жеті діни қызметкер жүретін болсын. Ал жетінші күні жеті рет қаланы айналып шығыңдар, әрі діни қызметкерлер кернейлерін тартып жүрсін. 4Сонда діни қызметкерлер кернейлерді бір рет ұзақ тартқанда бүкіл халық ұрандап қатты айқай салсын. Сол кезде қаланың қамал қабырғасы іргесіне дейін құлап түседі. Сонда халықтың әрбір ер адамы қалаға көтеріліп, тура лап берсін».
5Содан Нұн ұлы Ешуа діни қызметкерлерді шақырып алып, оларға мына нұсқауды берді: «Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп алыңдар. Жетеуің оның алдында жеті керней алып жүріңдер». 6Халыққа ол: «Дайындалып, қала сыртын айналдыра жүріңдер! Қару-жарақтанған адамдарың Келісім сандығының алдында жүрсін», — деді.
7Ешуа халыққа бұйрық беріп болған соң, кернейі бар жеті діни қызметкер Жаратқан Иенің алдында соларын тартып, алға шықты. Жаратқан Иенің Келісім сандығы оларға ілесіп жүріп отырды. 8Жасақшылардың үлкен тобы кернейлерін тартқан діни қызметкерлердің алдында, ал қалғандары Жаратқан Иенің Келісім сандығының соңынан жүрді. Кернейлер ұдайы тартыла берді. 9Ешуа халыққа былай деп бұйырған болатын: «Мен өздеріңе айқайлауды бұйырған күніме дейін еш айқайламаңдар! Еш үндерің де шықпасын, ауыздарыңнан тіпті бірде-бір сөз шықпасын! Ал мен бұйрық берген кезде ұрандап айқай салыңдар!»
10Осылайша олар Жаратқан Иенің Келісім сандығын қаланың сыртынан бір рет айналдырып шықты. Бұдан кейін бүкіл халық қонысқа қайтып келіп, сонда түнеді.
11Келесі күні Ешуа таңертең ертемен тұрды. Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп алып жүрді. 12Кернейлерін ұзақ тартқан жеті діни қызметкер Келісім сандығының алдынан, ал шерудің ең басында және Келісім сандығының соңында қаруланған жасақшылар жүріп отырды. Кернейлер үздіксіз тартылып тұрды. 13Сол екінші күні де олар қаланы сыртынан бір рет айналып шыққаннан кейін ел қонысына қайтып оралды. Осыны олар алты күн қатарынан істеді.
14Жетінші күні олар таң сәріде тұрды да, бұрынғыдай қаланы айналып шықты, алайда бұл жолы бір рет емес, жеті рет айналды. 15Олар жетінші рет айналып жүре бастамақ, әрі діни қызметкерлер кернейлерін тағы да ұзақ тартпақ еді. Сонда Ешуа халыққа былай деп бұйырды: «Енді ұрандап айқайлаңдар! Жаратқан Ие сендерге қаланы тапсырып отыр!»
16(Ешуа халыққа мына бұйрықты да беріп қойған еді:) «Қала және оның ішіндегі адамдар мен мүліктердің барлығы Жаратқан Иеге бағышталып жойылсын!#6:16 (Заң 20:17) Қала тұрғындары жасаған ауыр күнәларына бола Жаратқан Иенің қарғысына ұшыраған еді. Тек (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел Рахаб#6:16 Яки: Тек қонақүй иесі Рахаб (2:1). пен оның үй ішіндегілер тірі қалдырылсын! Өйткені Рахаб біз жіберген барлаушыларды үйінде жасырып, аман алып қалды. 17Байқаңдар, Жаратқан Иеге бағышталып жойылуға тиісті нәрселерден сақтаныңдар! Олардың ешқайсысын алып, иемденіп жүрмеңдер! Әйтпесе соның кесірі өздеріңе тиіп, Исраилдің бүкіл қонысы да Жаратқан Иенің қарғысына ұшырайтын болады. Осылайша оған пәле әкелесіңдер. 18Барлық күміс пен алтын атаулы және темір мен қола бұйымдар да Жаратқан Иеге бағышталғандықтан, оларды Оның қазынасына тапсыруға тиістісіңдер!»
Иерихон қабырғасының кереметпен құлауы
19Сонымен халық ұрандап айқайлай бастады. Олар кернейлердің даусын естігенде, өте қатты айқай сала берді. Сонда қаланың қамал қабырғасы іргесіне дейін құлап түсті. Жасақшылар қалаға көтеріліп, әрқайсысы алға қарай лап беріп, оны басып алды. 20Олар қаланы Жаратқан Иеге бағыштап, ондағылардың бәрін, әйел не еркек болсын, жас не кәрі болсын, күллі мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды және есектерді семсердің жүзімен қырып салды.
21Ал Ешуа елді барлап келген екі адамға: «(Бұрынғы) жеңіл жүрісті әйелдің үйіне#6:21 2:1; 6:16. барып, өздеріңнің антпен берген уәделеріңе сай, өзін және қасындағыларының бәрін сол жерден шығарып алып келіңдер!» — деп жіберген болатын. 22Содан барлаушылар барып, Рахабтың өзін, әке-шешесін, бауырларын және қасындағыларының бәрін: күллі тума-туысқандарын алып шығып, Исраилдің ел қонысының сырт жағына орналастырды.
23Бұдан кейін жасақшылар қала мен ондағылардың барлығын өртеп жіберді. Олар тек күміс пен алтынды және темір, қола бұйымдарды Жаратқан Иенің киелі үйінің қазынасына салып қойды. 24Ал Ешуа Иерихонды барлап келуге жіберілген екеуді жасырған, (бұрынғы) жеңіл жүрісті Рахабты#6:24 Немесе: жасырған қонақүй иесі Рахабты (2:1; 6:16,21). отбасымен және күллі туысқандарымен бірге аман алып қалды. Рахабтың әулеті әлі күнге дейін исраилдіктердің арасында тұрып жатыр.
25Сол кезде Ешуа: «Мына Иерихон қаласын қайта салуға кіріскен адамды Жаратқан Иенің қарғысы атады! Қала іргесін салғанда тұңғышынан, қақпасын тұрғызғанда кенжесінен айырылады», — деген теріс батаны жариялады.#6:25 Пат3 16:34.
26Осылай Жаратқан Ие Ешуаға жар болып, оның даңқы бүкіл елге жайылды.

Currently Selected:

Ешуа 6: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in