YouVersion Logo
Search Icon

Ешуа 19

19
Шимон руының жер үлесі
1Екінші жеребе әулеттері бойынша Шимон руына түсті. Бұл руға үлестірілген мұралық жер Яһуда руының жерінің ішінде жататын болды. 2Шимон руына мына қалалар тиді: Бер-Шеба, яки Шеба, Молада, 3Хасар-Шуал, Балах, Әсем, 4Елтолад, Бетул, Хорма, 5Сикеләг,#19:5 15:31. Бет-Марқабот, Хасар-Суса, 6Бет-Лебағот, Шарухен — он үш қала әрі оларға қарасты елді мекендер, 7Аин, Риммон, Етер, Ашан — төрт қала әрі оларға қарасты елді мекендер. 8Бұларға қоса олардың айналаларындағы Бағалат-Берге, яғни Негевтегі Рамаққа, дейінгі жердегі барлық елді мекендер де берілді. Әулеттері бойынша Шимон руына берілген мұралық жер, міне, осы.
9Шимон руына мұралық жер Яһуда руының үлесінен берілді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимонның ұрпақтарына мұралық жер Яһуданың үлесінің ішінен берілді.
Забулон руының жер үлесі
10Үшінші жеребе әулеттері бойынша Забулон руына түсті. Оларға тиген жердің шекарасы Сарыдқа дейін созылып, 11содан батысқа қарай көтеріліп, Маралаға, содан Дабешетке, одан соң Жоқнеамның қасындағы жылғаға дейін жетеді. 12Шекара Сарыдтан шығысқа бағыт алып, Қислот-Табордың жеріне#19:12 Яки: Табор тауының (19:22,34; Рул 4:6) беткейіндегі жерге. дейін барады да, Дабератқа дейін ұласып, одан Япияға дейін көтеріледі. 13Сол жерден шекара шығысқа қарай Ғат-Хефер мен Ита-Қасынға кесіп өтіп, Риммонға жетіп, Неяға қарай бұрылады. 14Содан соң ол солтүстікте Ханатонға қарай айналып, Ифтах-Ел аңғарына келіп тіреледі. 15Забулонның жері бұдан басқа Қаттат, Нахалал, Шимрон, Идала және Бетлехемді де — барлығы он екі қаланы әрі оларға қарасты елді мекендерді қамтиды.
16Сонымен әулеттері бойынша Забулон руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар мен оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Исашар руының жер үлесі
17Төртінші жеребе әулеттері бойынша Исашар руына салынды. 18Оларға тиісті жер Ізрел, Кесулот, Шунем, 19Хафараим, Шион, Анахарат, 20Раббит, Қишион, Әбес, 21Ремет, Ен-Ғанним, Ен-Хадда және Бет-Пәсесті қамтиды. 22Шекара Табор, Шахасима және Бет-Шәміштің шегімен жанасып, Иордан өзеніне барып тіреледі. Осы жердің аумағына барлығы он алты қала әрі оларға қарасты елді мекендер кіреді.
23Сонымен әулеттері бойынша Исашар руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Ашир руының жер үлесі
24Бесінші жеребе әулеттері бойынша Ашир руына түсті. 25Оның жеріне Хелқат, Хали, Бетен, Ахшап, 26Аламәлік, Амад, Мишал кіреді. Батыс шекарасы Қармил тауы мен Шихор-Либнатпен жанасып, 27содан шығысқа қарай бұрылып Бет-Дагонға дейін жетеді де, Забулонның жерімен солтүстікте орналасқан Ифтах-Ел аңғарында шектесіп, Бет-Емек пен Неиелмен де жанасады. Бұдан кейін шекара Қабулдың#19:27 Пат3 9:13. сол жағымен өтіп, 28Еброн, Рехоб, Хаммон, Қанахқа және үлкен Сидон қаласына қарай жалғаса береді. 29Содан соң шекара Рамаққа қарай кері бұрылып, бекіністі Тир қаласына жетіп, Хосаға қарай бұрылады да, Ахзибтың маңайында#19:29 Немесе: Махалаб (яки Хебел) мен Ахзибта. теңізге келіп тіреледі. 30Аширдің жеріне тағы Умма, Әфек, Рехоб — барлығы жиырма екі қала әрі оларға қарасты елді мекендер кіреді.
31Сонымен әулеттері бойынша Ашир руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Нафталим руының жер үлесі
32Алтыншы жеребе әулеттері бойынша Нафталим руына түсті. 33Нафталим руының шекарасы Хелефтен басталып, Сананымдағы дәу емен ағашы#19:33 Бил 4:11. мен Ябниел арқылы өтіп, Лақумға дейін жетеді де, Иордан өзеніне келіп тіреледі. 34Содан соң ол батысқа, Азнот-Таборға#19:34 Яки: Табор тауының (19:12,34) төбелеріне. қарай бұрылып, Хұқоққа беттейді. Сонымен Нафталимнің жері оңтүстікте Забулонмен, батыста Аширмен, шығыста Иордан өзенімен шектеседі.#19:34 Немесе: шығыста Иордан өзенінің бойында Яһуданың (яки: Манасаның) жерімен шектеседі.
35Бекіністі қалалары: Сиддим, Сер, Хамат, Раққат, Кінерет, 36Адама, Рамақ, Хасор, 37Кедес, Едірей, Ен-Хасор, 38Ирон, Мигдал-Ел, Хорем, Бет-Анат және Бет-Шәміш. Барлығы он тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер болды.
39Нафталим руына әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Дан руының жер үлесі
40Жетінші жеребе әулеттері бойынша Дан руына түсті. 41Оның мұралық жеріне Сора, Ештағол, Ир-Шәміш, 42Шағалаббин, Аялон, Итла, 43Елон, Тимна, Әкрон, 44Елтеке, Гибетон, Бағалат, 45Еһуд, Бене-Берақ, Ғат-Риммон, 46Ме-Жарқон, Рақон және Яффаның#19:46 Осы қала кейін Иоппа яки Иоппия деп те аталатын. алдындағы аймақ кірді.
47Дан руы өзіне берілген мұралық жеріне ие бола алмай, одан айырылып қалды.#19:47 Бил 18:1. Сонда олар Ләшемге#19:47 (Бил 18:7,29) Осы қала атының Лаиш деген түрі де бар. қарсы соғысып, оны қолға түсіріп, тұрғындарын семсердің жүзімен қырып тастады. Дандықтар сол қалаға өздері қоныстанып алды да, Ләшем деген атын түп аталарының құрметіне Дан деп өзгертті.
48Дан руының үлесіне әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Тимпат-Серахтың Ешуаның әулетіне белгіленуі
49Елді мұралық жер етіп шекараларына сәйкес үлестіріп болғаннан кейін, исраилдіктер өз араларынан Нұн ұлы Ешуаға да мұралық жер бөліп берді. 50Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша, олар Ешуаға өзі сұраған қаласын: Ефремнің таулы аймағындағы Тимнат-Серахты#19:50 (24:30; Бил 2:9) Осы қала атының Тимнат-Херес, Фамнаф-Сараи деген түрлері де бар. белгіледі. Ешуа сол қаланы қайта салып, сонда орналасты.
51Діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және исраилдік рулардың әулет басыларының Шилода Жаратқан Иенің алдында, Оның кездесу шатырының кіреберісінде жеребе тастап үлестірген мұралық жерлері, міне, осылар. Сонымен олар жерді үлеске бөлуді аяқтады.#19:51 18:1,10.

Currently Selected:

Ешуа 19: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in