YouVersion Logo
Search Icon

Еремия 45

45
Барухқа арналған жұбаныш сөздері
1Яһуда еліне Жосия ұлы Жохақым патшалық құрған төртінші жылы Еремия пайғамбардың аузынан шыққан сөздерді Нириях ұлы Барух шиыршық кітапқа жазып қойған соң, Еремия оған былай деді: 2— Уа, Барух, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны айтады: 3Сен «О, қасірет! Сорлы басым-ай! Жаратқан Ие менің көрген азабымның үстіне тағы қасірет қосты. Күрсіне бергеннен шаршадым, маған еш тыныштық жоқ!» дейсің. 4Барух, Жаратқан Ие саған мынаны айтады: Мен бүкіл ел бойынша Өзімнің тұрғызғанымды қиратып бұзып, егіп отырғызғанымды түп-тамырымен жұлып ойсыратамын.#45:4 1:10; 18:7-10; 31:28; Жыр 79:9-14; Иш 5:2,5-6. 5Осылай бола тұра, сен өзің үшін ұлы нәрселерге қол жеткізуге ұмтыласың ба? Солай істеме! Мен бүкіл адамзатқа апат жіберемін. Алайда Мен сені қайда барсаң да, тірі қалдырып, өз жаныңды өзіңе олжа етемін. Мен, Жаратқан Ие осыған уәде беремін!

Currently Selected:

Еремия 45: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Еремия 45