Ишая 52
52
Иерусалимнің азат етілуі
1Оян, Сион халқы, оян! Күш-қуатқа бөлен! Қасиетті қала#52:1 Яки: Құдайға ерекше бағышталған қала (48:2). Иерусалим, салтанатты киін! Құдайсыз, күнәлі жауларың#52:1 Немесе: Құдайға бағынбаған арам жандар (6:5). енді қайтып саған кірмейтін болады! 2Отырған жеріңнен тұрып, шаңыңды қағып тастап, төрдегі орныңа жайғас, уа, Иерусалим! Мойныңдағы шынжырларды алып таста, тұтқындалған Сион халқы! 3Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер.#52:3 50:1; Шеж2 36:20. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!»
4Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ежелде Менің халқым Мысырға барып, жат жерлік кірмелер ретінде сонда тұрған еді. Соңғы уақытта Ассур патшалығы оларға зорлық-зомбылық көрсетіп келді.#52:4 10:24; Жар 46:6. 5Ал енді, мына жағдай не? — дейді Жаратқан Ие. — Жау халқымды құнын төлемей-ақ айдап алып кетіп, билеп-төстейді. Сол ісіне шулап мақтанады. Менің атым күн ұзағына қорланады. 6Алайда болашақта Менің халқым атымды мойындайтын болады. «Қараңдар, Мен мұндамын!» деп шақырған Өзім екеніме сол күні олар көздерін жеткізбек».#52:6 Немесе: Осыларды алдын ала айтқан Мен екеніме сол күні олар көздерін жеткізбек. Иә, Мен Солмын! (41:26-27) — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
7(Татулық туралы) ізгі хабарды жеткізушінің таудан асып келгені қандай тамаша! Ол тыныштықты жариялап, бақыттың жақсы хабарын алып келіп, құтқарылуды паш етеді. Сионға: «Құдайың патшалық құрып жатыр!» — деп мәлімдейді. 8Бір үн естіледі: күзетшілерің дауыс көтеріп, барлығы да шаттана шырқайды.#52:8 62:6; 24:14; 40:9. Олар өз көздерімен Жаратқан Иенің Сионға қайтып келгенін көреді!#52:8 40:3-5,9-11; 62:11-12. 9Иерусалимнің қираған орындары, бәрің бірігіп шаттана ән шырқаңдар! Тәңір Ие өз халқына жаны ашып, Иерусалимді құтқарады.#52:9 41:14 түсініктемені қ. 10Жаратқан Ие Өзінің киелі құдіретін барлық халықтардың көз алдында ашық көрсетеді. Құдайымыздың бізді құтқаруын жердің түкпір-түкпіріндегілердің барлығы көретін болады.
11Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай,#52:11 Яки: Арам нәрселерге мүлдем жоламаңдар! сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің (киелі үйінің) бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді Оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер!#52:11 Немесе: өздеріңді таза ұстаңдар! (Мыс 29; 30:17-21; Рул 1:49-50) 12Сендер жау елінен қашып жүгірмей, асықпай шығасыңдар. Себебі Жаратқан Ие алдарыңнан жүріп, сендерді жетелейді; Исраилдің сиынған Құдайы өздеріңді арттарыңнан да қорғап жүретін болады.#52:12 Исраил халқы Мысырдан құтқарылып, көшіп шыққан кезде де Жаратқан Ие оларды қорғап-қоршап жүрген болатын (Мыс 14:19-20; 40:34-38).
Құдайдың Қызметшісінің күнәларымызды өз мойнына алуы
13(Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. 14Оған#52:14 Немесе: Саған. қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды. 15Қызметшім көптеген халықтарды қайран қалдырады.#52:15 Немесе: Қызметшім көптеген халықтарға (өз құрбандығының қанынан) бүркіп (оларды күнәларынан тазартпақ: Мыс 24:8). Оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады. Себебі олар өздеріне еш хабарланбағандарды енді көреді, әрі еш естімегендерді енді түсінеді».
Currently Selected:
Ишая 52: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.