YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 3

3
Адал күйеудің опасыз әйелін кешіріп, өзіне қайтуға шақыруы
1Бұдан кейін Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Бар, ашынасы бар, неке адалдығын бұзып келген әйеліңе қайтадан сүйіспеншілік көрсет. Дәл солай исраилдіктер бөтен тәңірлерге табынып, оларға мейіз бумаларын ұсынуды жақсы көрсе де, Мен, Жаратқан Ие, Исраил халқын әлі де сүйемін».
2Сонда Мен он бес мысқал күміс пен бір жарым қап арпа төлеп, әйелімді Өзіме қайтарып алдым.#3:2 Гомер біреудің күңі болып қалған болса керек. 3Оған былай дедім: «Сен ұзақ уақыт тек менімен бірге тұрасың. Енді ешкіммен ашыналық жасап, ешбір еркекпен жақындаспайсың. Мен де сенімен жақындаспаймын».
4Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз#3:4 Түпнұсқада ефод делінген жеңсіз сырт киім осы жерде жалған тәңірлерге табынушылыққа байланысты қолданылған (Бил 8:27; 17:5). және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады. 5Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына#3:5 Демек, Дәуіттің әулетінен шыққан патшаға (Ерм 30:9; 31:9; Езк 34:24). бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда#3:5 Жое 2:28. Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады.

Currently Selected:

Ошия 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in