Езра 3
3
Құрбандық үстелін салып, Күркелер мейрамын өткізу
1Күз жетіп,#3:1 Яки: жетінші (ай тішри айы: сол заманда жылдың осы айы Жаратқан Иеге ерекше бағышталған кез болатын: Леу 23:23-44; Рул 29:1-39; Нех 8:1-2). халық бір адамдай Иерусалимге жиналып келді. 2Сонда Ехосадық ұлы Ешуа өзінің діни қызметкер ағайындарымен бірге және Салатиел ұлы Зоробабел#3:2 2:2; 3:8; 5:2; Хақ 1:1. өз ағайындарымен бірге Исраилдің сиынатын Құдайына арнап құрбандық үстелін сала бастады. Олар соның үстінде шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды ұсынбақ болды. Бұл Құдайдың Өзі таңдаған адамы Мұса арқылы табыстаған Таурат заңында жазылған ережелерге сай өтуге тиіс еді.#3:2 Мыс 20:22,24; Заң 11:5-7,27.
3Айналадағы өзге ұлттардан#3:3 4:1,4; 10:11; Нех 4:7; Пат4 17:24; 24:2. қорықса да, олар осы құрбандық үстелін өзінің бұрынғы негізінің үстіне қайта салды. Оның үстінде таңертең және кешке Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандықтарды шалып, ұсынып отырды. 4Халық Таурат заңында жазылған тәртіп бойынша Күркелер мейрамын өткізіп, оның әр күніне сәйкес түгелдей өртелетін құрбандықтардың ережеге сай тиісті санын ұсынып отырды.#3:4 Мыс 23:16; 34:22; Леу 23:33-36,39-43; Рул 29:12-38. 5Олар сонымен қатар күнделікті түгелдей өртелетін құрбандықтарды да, айдың алғашқы күні#3:5 Рул 28:11-15. және Жаратқан Иенің тағайындаған мейрамдарына бағышталған құрбандықтарды да шалып, ұсынып отырды. Халық Жаратқан Иеге арнап ерікті тартулар да жасады.
Ғибадатхананың құрылысын бастау
6Халық жетінші айдың бірінші күні Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандықтарды ұсына бастады. Сол кезде Жаратқан Иенің ғибадатханасының негізі әлі де салынбаған болатын. 7Сондықтан халықтың басшылары тас қалаушылар мен ағаш шеберлеріне күміс беріп, жалдап алды. Басшылар сидондық және тирлік саудагерлермен Ливан тауларынан самырсын бөренелерін Жерорта теңізі арқылы Яффадағы кемежайға#3:7 (Шеж2 2:16; Жүн 1:3) Яки: Иоппедегі айлаққа. жеткізулері жайында келісті. Сол үшін саудагерлерді азық-түлік, шарап және зәйтүн майымен қамтамасыз етті. Себебі парсы патшасы оларға осылай істеуге рұқсат берген болатын.#3:7 1:2-4; Шеж2 2:8-10,16.
8Осылайша Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа#3:8 3:2; 4:3. өз ағайындарымен: діни қызметкерлермен, әрі өзге леуіліктермен және жер аударылудан Иерусалимге қайта оралған басқа да халықпен бірге осы ұлы іске кірісті. Бұл олардың Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйіне келгендерінен кейінгі екінші жылдың екінші айында#3:8 Яғни сәуір айында. (Ежелде Сүлеймен патша жылдың дәл сол мезгілінде киелі үйдің құрылысын бастаған еді: Пат3 6:1.) болды. Жасы жиырмаға жеткен және одан жоғары леуіліктер#3:8 Шеж1 23:24,27. Құдай Иенің киелі үйінің құрылысын басқаруға тағайындалды. 9Бүкіл жұмысқа бірігіп басшылық етіп жүрген леуіліктер мыналар еді: Ешуа, оның ұлдары мен ағайындары, Яһуданың#3:9 Осы есімнің Ходауиях, Годавия деген түрлері де бар (2:40). ұрпағы Қадмиел және оның ұлдары. Хенададтың ұрпақтары да олармен бірлесе жұмыс істеді.
10Сөйтіп құрылысшылар Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін қалап болды. Содан кейін арнайы киімдер киген діни қызметкерлер кернейлермен, әрі леуілік Асафтың ұрпақтары сылдырмақтармен өз орындарына тұрғызылды. Сол екі топ ежелде Исраил патшасы Дәуіт бекіткен тәртіппен Жаратқан Иені дәріптемек болды.#3:10 Мыс 28; Шеж2 5:12-13; Нех 12:27,35. 11Олар кезек-кезек Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтып ән салды:
«Жаратқан Ие ізгі, Оның Исраилге
Деген рақымы ұласады мәңгілікке!»#3:11 Шеж1 16:34,41; Шеж2 5:13; 7:3; Жыр 106:1.
Бүкіл халық Жаратқан Иені қатты дауыспен мадақтап оларға жауап беріп отырды. Себебі Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланған еді. 12Сонда бұрынғы киелі үйді көздері көрген қарт діни қызметкерлер, леуіліктер және әулет басшылары осы жаңа киелі үйдің негізінің салынғанын көргенде қатты жылады. Ал басқа көптеген адамдар қуаныштан айқай салды. 13Осылайша қуанғаннан айқайлаған халықтың дауысын жылап-сықтағандардың дауысынан ажырату мүмкін емес еді. Айқай-шу өте зор болып, алысқа естіліп тұрды.
Currently Selected:
Езра 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.