Езра 1
1
Парсы патшасы Кирдің жарлығы
1Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы#1:1 Б.з.д. 538 ж. Есімі Күрос деп те айтылатын Кир Бабыл қаласын б.з.д. 539 ж. қазан айында басып алған еді (Дан 5:31; 6:28). Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің#1:1 Ерм 25:11-12; 29:10-14; 51:11; Шеж2 36:22-23. жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды:
2«Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. 3Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін! 4Осы халықтан тірі қалғандарға олар қазір тұрып жатқан әрбір жердің адамдары алтын-күміс пен мал-мүлік беріп көмектессін!#1:4 1:6; Мыс 12:35-36. Сонымен қатар көршілері оларды Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне арнайтын ерікті тартулармен#1:4 1:6; 7:15-16; 8:28; Мыс 35:5,29; Заң 16:10. де қамтамасыз етсін!»
Зоробабелдің жетекшілігімен елге қайтқан көш
5Сонда Құдай Яһуда мен Бунямин руларының#1:5 Яһуда, Бунямин: бұрынғы Яһуда (яки Оңтүстік Исраил) патшалығындағы басты рулар. бірсыпыра әулет басшылары, діни қызметкерлер және леуіліктердің жүректеріне Иерусалимге өрлеп көшіп барып, Жаратқан Иенің киелі үйін қайта тұрғызуға түрткі салды. 6Күллі көршілері бұларға алтын-күміс бұйымдар, мал-мүлік және басқа да қымбат сыйлықтар берді. Сонымен қатар оларға киелі үйге арналған ерікті сый-тартуларын да табыстады.
7Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты.#1:7 Пат4 24:13; 25:14-15; Шеж2 36:7,18; Ерм 52:18-19. 8Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға#1:8 (5:14) Осы есімнің Шенасар деген түрі де бар. Яһуда елінің бұрынғы патшасы Ехонияхтың төртінші ұлының есімі Шенасар болатын (Шеж1 3:17-18). тізім бойынша табыстады.
9Сол бұйымдардың тізімі мынау: отыз алтын табақ,#1:9 (Рул 7:84; Шеж1 28:17) Немесе: алтын ыдыстар салынған отыз қап. бір мың күміс табақ, жиырма тоғыз пышақ,#1:9 Немесе: күміс таба. 10отыз алтын тостаған, төрт жүз он қалпы бірдей күміс тостаған және бір мың басқа бұйымдар. 11Алтын-күміс бұйымдардың жалпы саны бес мың төрт жүз дана#1:11 Бұл сан жоғарыдағы тізімге тіркелмеген басқа бұйымдарды да қамтыған болса керек. болды.
Жер аударылғандардың көші Бабыл елінен Иерусалимге кері оралғанда, Шешбасар осылардың бәрін өзімен бірге алып барды.
Currently Selected:
Езра 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.