YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 10

10
Құдайдың салтанатының киелі үйді тастап кетуі
1Содан кейін қарағанымда керуб атты төрт нөкердің#10:1 (1:5,22; 10:15; Жар 3:24) Яки: төрт тірі тұлғаның. бастарының жоғарғы жағында жайылған күмбез тәрізді әуе кеңістігінен таққа ұқсаған саф көк асыл тас іспетті бір нәрсені#10:1 1:22,26. көрдім. 2Жаратқан Ие ақ бәтес киім киген қызметшісіне:#10:2 9:2-3,11; 10:7. «Керубтердің астында орналасқан дөңгелектердің арасына кір! Сондағы лаулап жанып жатқан шоқтардан#10:2 1:13; 10:7. алақаныңа толтырып алып, оларды қаланың үстінен шашып жібер!» — деп тапсырды. Мен қарап тұрған кезде ол сонда кіріп барды.
3Ол кіргенде, керубтер киелі үйдің оңтүстік жағында тұрған еді. Ішкі ауланы бір бұлт жайлап алды. 4Сонда Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты керубтердің үстіңгі жағынан көтеріліп, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Киелі үй де бұлтқа кенеліп, ішкі аула да Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының жарығына толды.#10:4 Мыс 40:34; Рул 9:15; Шеж2 5:13. 5Керубтердің қанаттарының сыбдыры құдіреті шексіз Құдайдың сөйлеген кезінде шығатын даусындай тіпті сыртқы аулада естіліп тұрды.
6Жаратқан Ие ақ бәтес киген қызметшісіне дөңгелектер мен керубтердің арасынан шоқты алуды бұйырғанда, ол дөңгелектердің біреуінің жанына барып тұрды. 7Керубтердің бірі араларындағы отқа қолын созып, одан лаулап жанып тұрған шоқты алды да, ақ бәтес кигеннің алақанына салып берді. Ол соны алып, шығып кетті. 8Керубтердің қанаттарының астынан адамдікіне ұқсас қолдары көрінді.#10:8 1:8.
9Мен қарап тұрғанда, күзетші керубтердің жанындағы төрт дөңгелекті көрдім. Әр керубтің жанында бір-бір дөңгелектен орналасыпты. Дөңгелектер зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды.#10:9 1:15-16. 10Төрт дөңгелектің сыртқы түрі бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. 11Олар қозғалғанда, керубтердің беттері қараған төрт бағыттың әрқайсысына қарай жылжи алатын. Керубтердің бет алған жақтарына дөңгелектер еш бұрылмай-ақ ілесе жылжитын. 12Төрт керубтің тұла бойы, арқалары, қолдары және қанаттары әрі олардың қасындағы төрт дөңгелегі көздерге толы еді. 13Құлағым дөңгелектердің «құйын» деп аталатынын шалды. 14Әр керубтің төрт бет-әлпеті бар болатын: біріншісі керубтің, екіншісі адамның, үшіншісі арыстанның, төртіншісі бүркіттің жүзі іспетті еді.#10:14 1:10.
15Содан соң керубтер жоғары көтерілді. Олар Бабыл еліндегі Хобар өзенінің бойында мен көрген нөкерлердің#10:15 (1:3,5-18) Яки: тірі тұлғалардың. нағыз өздері еді. 16Керубтер қозғалған кезде, жандарындағы дөңгелектер де бірге қозғалатын. Керубтер жерден көтерілу үшін қанаттарын жайғанда, дөңгелектер де қастарында болып, олармен бірге көтерілетін.#10:16 1:21. 17Керубтер қозғалмай тыныш тұрғанда, дөңгелектер де қозғалмайтын, ал керубтер жоғары көтерілгенде, олар да бірге көтерілетін. Өйткені осы нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын.
18Мұнан кейін Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйдің табалдырығынан жылжып, керубтердің үстіңгі жағына көтеріліп барып тұрды. 19Мен осылай қарап тұрғанда, керубтер қанаттарын жайып, жерден көтерілді, сонда дөңгелектер де оларға ілесе көтерілді. Олар Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасының маңына тоқтады. Олардың үстінде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты болды. 20Мен Хобар өзенінің бойында аян берген Исраилдің Құдайының төменгі жағында көрген төрт нөкер осылар еді. Олардың керубтер#10:20 1:1,5,22; 10:15. екенін енді түсіндім. 21Әрқайсысының төрт бет-әлпеті мен төрт қанаты болды және қанаттарының астында адамдікіне ұқсас қолдары бар еді.#10:21 1:8; 10:8. 22Олардың бет-әлпеттері де мен Хобар өзенінің бойында көрген нөкерлердікі іспетті болды. Сол төрт нөкер сияқты, керубтердің әрқайсысы да алдына қарай тіке жүріп отырды.

Currently Selected:

Езекиел 10: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in