Елшіл. істері 9
9
Сенімнің қас жауы Саулдың Иеміз Исаға мойынсұнуы
1Ал Саул#9:1 7:58; 8:1,3. Иеміздің жолын қуушыларды#9:1 Яки: Иеміздің (ізгі жолына түсіп, Оның тәлімін қабылдаған) шәкірттерін. өлтірем деген қоқан-лоқысы мен қаскөйлігін әлі де жалғастырып, бас діни қызметкерге барып, жолықты. 2Одан (Сирияның) Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады. Саул сол жерден тапқан еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді. 3Осы ниетпен кетіп бара жатып, Дамаскіге жақындап қалғанда, оған көктен түскен жарық нұр кенеттен сәулесін төгіп жіберді.#9:3 7:55-56; Лұқ 9:29; Аян 1:13-17; Қор1 15:8. 4Саул жерге құлап түсіп, «Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?»#9:4 Мат 10:40; 25:40; Жох 17:22-23; Қор1 12:27; Еф 1:22-23. — деген дауысты естіді. 5Саул:
— Сен кімсің, Ием? — деп сұрады. Ол:
— Мен сен қудалап жүрген Исамын!#9:5 (Сен (көлікке ұқсап) өкше-темірге қарсы теуіп азапқа қаласың, — деді.) (26:14) 6#9:6 (Саул дірілдеп қорқып: «Ием, не істеуім керек?» — деп сұрады. Жаратқан Ие оған:) (22:10)Орныңнан тұр да, қалаға бар! Не істеуге тиіс екенің саған сол жерде айтылады! — деді.
7Саулдың сапарлас жігіттері үндемей тұрып қалды. Себебі олар бір дауысты естігендей болғанмен,#9:7 Яғни олар бір дауысты естігенмен, айтылғанды түсінген жоқ (22:9; Жох 12:28-29; Дан 10:7). ешкімді көрмеді. 8Саул түрегеліп, көзін ашқанда, еш нәрсе көре алмады. Сондықтан серіктері оны Дамаскіге дейін қолынан ұстап жетектеп барды. 9Содан ол үш күн бойы көзі көрмей, еш нәр татпады.
10Сол кезде Дамаскіде Исаның жолын қуушы Анани есімді бір шәкірті тұратын. Иеміз соған аян беріп:
— Анани! — деді. Ол:
— Тыңдап тұрмын, Ием! — деді.
11— Орныңнан тұр да, Түзу даңғыл деп аталатын көшеге бар. Сол жерде Яһуданың үйінен тарстық Саул деген кісіні сұра! Қазір ол мінажат етіп жатыр. 12Ол аянда Анани есімді біреудің кіріп келіп, көзін ашу үшін үстіне қолын қойғанын көрді, — деді Иеміз. 13Бірақ Анани:
— Уа, Ием, мен талайлардан осы кісінің Иерусалимде Саған бағышталған адамдарыңа#9:13 Яки: Сенің қасиетті халқыңа (яғни сенушілерге: 9:32,41; 26:10; Мат 27:52; Еф 1:1). соншама көп жамандық істегені туралы хабар алдым. 14Ол басты діни қызметкерлерден Сенің атыңа сиынғандардың#9:14 (2:21; 9:21) Яки: Сені Иеміз деп мойындағандардың. бәрін осы жерде де тұтқындауға өкілеттік алыпты, — деп жауап берді. 15Бірақ Иеміз оған:
— Бар сонда! Ол — Менің атымды басқа ұлттарға, патшаларға және Исраил халқына жариялау үшін таңдап алған қызметшім. 16Ал Менің атыма бола қаншама азап шегуге тиіс екенін Мен оған Өзім білдіремін, — деді.
17Анани жолға шығып, әлгі үйге кірді; Саулдың үстіне қолын қойып:
— Бауырым Саул, саған жолшыбай келе жатқанда аян берген Иеміз Исаның Өзі көзің қайтадан көрсін, сен Киелі Рухқа кенелсін деп мені жіберді, — деді. 18Сол сәтте-ақ Саул көзінен перде алынып тасталғандай, көре бастады. Ол орнынан тұрып, шомылдыру рәсімінен өтті де, 19тамақ ішіп әлденді.
Саулдың Дамаскіде және Иерусалимде Мәсіх туралы уағыз айтуы
Бірнеше күн бойы Саул Мәсіхтің жолын қуушылармен бірге Дамаскіде болды. 20Көп кешікпей ол сол қаладағы яһуди мәжілісханаларында Исаның Құдайдың рухани Ұлы#9:20 7:56; 8:37; Лұқ 1:32,35; 22:69-70. екенін хабарлай бастады. 21Сонда оны тыңдағандар қатты таңғалып: «Иерусалимде Исаның атына сиынғандарды#9:21 2:21; 9:14. аямай өлтірген кісі осы емес пе? Бұл жерге де ол сондайларды бұғаулап, басты діни қызметкерлерге ұстап беру үшін келген жоқ па?» — десті. 22Бірақ Саул одан бетер рухани күшейе түсіп, Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін дәлелдеп, Дамаскіде тұратын яһудилерді әбден абыржытты.
23Едәуір уақыт өткеннен кейін яһуди діншілдері оны өлтіруге сөз байласты, 24алайда Саул олардың құпия ниетін біліп қойды. Әлгілер оның көзін құрту үшін күні-түні қала қақпаларында аңдып жүрді. 25Сондықтан Исаның бірнеше шәкірті Саулды бір түні үлкен себетке салып,#9:25 Яки: үлкен кәрзеңкеге салып (Қор2 11:32; Еш 2:15; Пат1 19:12). қаланы қоршаған қамал қабырғасындағы терезеден төмен түсіріп жіберді.
26Содан Саул Иерусалимге барып, Исаның жолын қуушыларға қосылуға тырысты. Бірақ бәрі қорқып, оның шынымен-ақ Иеміздің жолына түскеніне сене қоймады. 27Ал Барнаба#9:27 4:36. Саулды қамқорлығына алып, елшілерге ертіп келді. Оларға Саулдың жолда Иеміздің аянын көріп, Оның сөзін естігенін#9:27 (9:3-6) Яки: Иемізді көргенін әрі Оның оған тіл қатқанын. және Дамаскіде Исаның атынан батыл уағыз айтқанын әңгімелеп берді. 28Бұдан кейін Саул Иерусалимдегі сенушілермен емін-еркін араласып, Иеміз Иса туралы ашық та батыл айтып жүрді. 29Саул грекше сөйлейтін яһудилермен де айтысып, олар мұның көзін жоюға әрекеттенді. 30Осыны естіген бауырластар Саулды Кесарияға алып кетіп, одан әрі Тарсқа жөнелтті.
31Осылай сенушілер қауымы#9:31 5:11; 8:1; Мат 16:18; 18:17. бүкіл Яһудея, Ғалилея және Самария аймақтарында тыныш күндерді басынан кешті. Олар рухани күшейіп, Иемізді терең қастерлеп, Киелі Рухтың қолдауымен#9:31 Яки: рухани өсіп нығайып (20:32; Қол 2:7), еркінсіп Иемізге қарсы күнә жасаудан қорқып (Нқл 1:7; 2:5; 9:10; Иш 11:2-3), Киелі Рухтың жұбатып, жігерлендіріп, жетелеуімен (1:8; Жох 14:16-17,26; 16:13). көбейіп жатты.
Елші Петірдің сал адамды сауықтырып, өлген әйелді тірілтуі
32Осы кезде Петір елші бүкіл елді аралап жүрген болатын. Содан ол Лүддаға#9:32 Лүдда: ежелгі Лод қаласы (Шеж1 8:12; Нех 7:37; 11:35). ылдилап барып, сонда тұратын, Құдайға бағышталған сенушілерге#9:32 Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) адамдарына (9:13). де соқты. 33Сол жерде ол сегіз жыл бойы сал болып жатқан Әней есімді кісіні көрді. 34Петір оған: «Әней, Құтқарушы Мәсіх Иса сені сауықтырады! Тұр да, төсегіңді жина!» — деді. Ол сол сәтте-ақ орнынан түрегелді. 35Лүдда қаласы мен Шарон жазығының#9:35 Иш 25:2; 65:10. күллі тұрғындары Әнейдің сауығып, жүріп кеткенін көрді. Содан олар теріс жолдарынан қайтып, Иеміздің жолына түсті.
36Иоппе#9:36 Иоппе (яки Яффа): Жерорта теңізінің жағасындағы кеме тоқтайтын қала (Жүн 1:3). қаласында Мәсіхтің жолын қуушы Табита есімді бір әйел тұратын. Табита «Елік» деп аударылады. Ол кәріп-қасерлерге көмектесіп, көптеген игі істер жасайтын. 37Сол күндері Табита ауырып, қайтыс болды. Оның мәйітін арулап қабірге қоюға дайындап жоғарғы бөлмеге апарып қойды. 38Мәсіхтің жолын қуушылар Петірдің Иоппеге жақын жердегі Лүддада екенін біліп, оған: «Тезірек бізге келіңізші!» — деген өтінішпен екі жігітті жіберді. 39Петір оларға ілесіп жолға шықты. Иоппеге келген соң, оны жоғарғы бөлмеге алып барды. Сол бөлменің ішінде қайғырып жүрген жесірлер оны ортаға алып, марқұмның тірі кезінде тігіп беріп кеткен шапандары мен көйлектерін көрсетіп жылаумен болды. 40Петір олардың барлығына бөлмеден шығуға бұйырды. Бұдан кейін тізерлеп отырып, Құдайға сиынды. Содан ол мәйітке бұрылып: «Табита, тұр!» — деді. Сонда Табита көзін ашып, Петірді көргенде түрегеліп отырды! 41Петір оған қолын ұсынып, орнынан тұруына көмектесті. Мұнан кейін жесірлер мен басқа да сенушілерді#9:41 Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) адамдарын (9:13,32). шақырып, қайта тірілген Табитаны оларға көрсетті.
42Бұл оқиға бүкіл Иоппе қаласына мәлім болып, көптеген кісілер Иемізге сенді. 43Осыдан кейін Петір бірнеше күн Иоппеде Шимон есімді тері илеушінің үйінде тұрып қалды.
Currently Selected:
Елшіл. істері 9: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.