YouVersion Logo
Search Icon

Патшалықтар 4-ж. 14

14
Яһуда елінің патшасы Амасиях
1Солтүстік Исраилге Жоғахаз ұлы Жоғастың патшалық құрған екінші жылы Жоғас ұлы Амасиях Яһуда елінің патшасы болды. 2Сол кезде оның жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма тоғыз жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехоғадан еді.
3Амасиях Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істесе де, оның іс-әрекеттері түп атасы Дәуіттікіндей болмады. Қайта, Амасиях барлық жағынан әкесі Жоғастың үлгісімен жүрді.#14:3 12:2; Шеж2 24:2,17-19; 25:14-16. 4Биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылып тасталмады. Халық сол орындарда құрбандық шалып, өртеп, хош иісті зат түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді.#14:4 12:3; 16:4.
5Өзінің патшалық билігі берік орнатылғаннан кейін, Амасиях әкесі Жоғас патшаны өлтірген нөкерлерді#14:5 12:20-21. өлімге кесті. 6Бірақ сол қылмыскерлердің балаларын өлтірткен жоқ. Амасиях мұны Жаратқан Иенің Мұса арқылы тапсырған Таурат заңы кітабында берген мына бұйрығына сай істеді: «Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі».#14:6 Заң 24:16.
Амасияхтың Едом елін жеңіп, Солтүстік Исраилден жеңілуі
7Амасиях Тұзды аңғарда он мың едомдыққа соққы беріп, (елдің астанасы) Селаны басып алып, оған Жоқтеил деген ат берді. Осы қала қазір де солай аталады.
8Мұнан кейін Амасиях Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғасқа#14:8 13:10; 14:1. елшілерін жіберді. Осы Жоғас Ехудің немересі, Жоғахаздың ұлы еді. Амасиях оған:
— Кел, бетпе-бет соғысайық! — деген шақыруын жолдады. 9Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Амасияхқа мынадай (мысалды келтіріп)#14:9 Яки: мынадай астарлы әңгімені келтіріп (Бил 9:8-15; Пат2 12:1-4; Езк 20:49). жауап қайтарды:
— Бірде Ливан тауларында өсіп тұрған бір аласа тікенді бұта Ливандағы зәулім самырсын ағашына: «Қызыңды менің ұлыма бер!» деген екен. Бірақ сол тікенді бұтаның жанынан бір ливандық аң өтіп бара жатып, оны басып, жаншып тастапты. 10Сен шынында да Едомды жеңдің, енді содан өркөкіректеніп кетіпсің. Мақтансаң, сарайыңда қалып, мақтана бер. Басыңа пәле іздеп, не қыласың?! Әйтпесе Яһудаңмен қоса құрып кетерсің!
11Бірақ Амасиях оның сақтандыруын тыңдамай қойды. Содан Солтүстік Исраилдің патшасы өзінің әскерін ертіп Амасияхқа қарсы өрлеп барды. Екеуінің арасындағы шайқас Яһуда жеріндегі Бет-Шәміш қаласының маңында болды. 12Яһуда әскері Солтүстік Исраилден жеңіліп, барлық жасақшылары үйлеріне қашып кетті.
13Жоғас патша Бет-Шәміште Яһуда елінің патшасы Амасияхты қолға түсіріп, оның астанасы Иерусалимге аттанды. Жоғас қала қамалы қабырғасының Ефрем және Бұрыш қақпаларының#14:13 Шеж2 25:23; Нех 8:16; 12:39; Ерм 31:38; Зәк 14:10. арасындағы үлкен бөлігін құлатып тастады. Сол бөліктің ұзындығы шамамен төрт жүз шынтақ болатын. 14Жоғас, сондай-ақ, Жаратқан Иенің киелі үйінен және патша сарайының қазына қоймаларынан тапқан алтын-күмісін және арнайы құрал-жабдықтарының бәрін тонады, әрі кепілдікке адамдар алып, Самарияға қайтып кетті.
Жоғастың және Амасияхтың өмірлерінің соңы
15Жоғастың қалған іс-әрекеттері мен қажыр-қайраты және Яһуда патшасы Амасияхпен жүргізген соғысы туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. 16Жоғас көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Солтүстік Исраил патшаларының жанына қабірге қойылды. Оның ұлы Еробоғам орнын басып патша болды.
17Солтүстік Исраилдің патшасы Жоғахаз ұлы Жоғас қайтыс болғаннан кейін, Яһуда елінің патшасы Амасиях тағы он бес жыл өмір сүрді. 18Амасияхтың қалған іс-әрекеттері «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
19Патшаның дұшпандары Иерусалимде оған қарсы астыртын сөз байласты. Содан патша Лахышқа қашып кетті. Бірақ олар артынан адам жіберіп, Амасияхты сол қалада өлтіртті. 20Оның мәйіті атқа артылып Иерусалимге әкелініп, ата-бабаларының жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды.
21Яһуданың бүкіл халқы он алты жасар Ұзияхты#14:21 (15:1; Шеж2 26:1) Оның басқа аты: Азариях. әкесі Амасияхтың орнына патша етіп тағайындады. 22Әкесі көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Ұзиях (Қызыл теңіздің шығанағындағы) кеме тоқтайтын Елат қаласын#14:22 (16:6; Заң 2:8) Елаттың қасында Есион-Гәбер орналасқан (Пат3 9:26-27). қайтадан салғызып, Яһуда еліне қосты.
Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғам ІІ
23Яһуда еліне Жоғас ұлы Амасиях патшалық құрған он бесінші жылы Жоғас ұлы Еробоғам Самария қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол қырық бір жыл бойы билік жүргізді. 24Еробоғам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилдің халқын азғырған күнәларының ешқайсысынан бас тартпады.#14:24 13:2; Пат3 12:28-33; 14:15-16.
25Жоғас ұлы Еробоғам Солтүстік Исраилдің (шығыстағы) шекарасын Лебо-Хаматтан бастап оңтүстіктегі Өлі теңізге дейін#14:25 Яки: (солтүстіктегі) Хаматқа баратын жолдан бастап, (Иордан алқабындағы) Елсіз дала (яки: Араба) теңізіне дейін (Заң 3:17; Амо 6:14). қалпына келтірді. Бұл Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің өз қызметшісі — ғат-хеферлік Аматтай ұлы Жүніс пайғамбар#14:25 Жүн 1:1. арқылы алдын ала айтқан сөзіне сәйкес болды. 26Себебі Жаратқан Ие Исраил халқының малай болсын, ерікті адам болсын, барлығының да басынан өткізіп жатқан ауыр азаптарына назар аударды. Оларға қол ұшын беретін ешкім болған жоқ. 27Жаратқан Ие Исраилдің есімін аспан астынан жоқ қылуды ұйғармағандықтан,#14:27 13:23. елді Жоғас ұлы Еробоғам арқылы құтқарды.
28Еробоғамның қалған барлық іс-әрекеттері, оның қажыр-қайратпен жүргізген соғыстары және баяғыда Яһуданың қол астында болған Дамаск пен Хамат қалаларын#14:28 Пат2 8:5-10; Шеж2 8:3-4. Солтүстік Исраилге қалай қайтарғаны туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
29Еробоғам көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Солтүстік Исраил патшаларының қабіріне қойылды. Оның ұлы Зәкәриях орнын басып патша болды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Videos for Патшалықтар 4-ж. 14