YouVersion Logo
Search Icon

Шежірелер 2-ж. 8

8
Сүлейменнің түрлі іс-әрекеттері мен жетістіктері
1Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған ғибадатхананы және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді. 2Ол сонымен қатар Тир патшасы Хирам өзіне табыстаған қалаларын#8:2 Пат3 9:11-13; Еш 19:27. да қайта салғызып, оларға исраилдіктерді орналастырды.
3Сүлеймен Хамат-Соба#8:3 Хамат, Соба: Исраилдің солтүстігіндегі арамалық қалалар және оларға бағынышты жерлер (Пат2 8:3,9; Шеж1 18:3,5,9). патшалығына аттанып, оны да өзіне бағындырды. 4Кейін ол елсіз даладағы Тадмор қаласын және Хамат еліндегі астық сақтауға арналған қойма қалаларының бәрін салғызды. 5Сүлеймен жоғарғы және төменгі Бет-Хорон қалаларын қорған етіп қайта салғызып, қақпаларын мықты бөренелермен және ысырмалармен бекіткізді.#8:5 14:7; Бил 16:3. 6Патша, сондай-ақ, Бағалат қаласын және астық сақтау үшін қойма қалаларын әрі соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқыларына арналған барлық қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды.
7Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни хеттік, аморлық, перездік, хевтік және ебустік ұлттар да болды. 8Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібермеген ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.#8:8 Демек, бұл жағдай осы мәтіннің түпнұсқасы жазылған кезде әлі де солай болатын (5:9; Еш 16:10). 9Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайлық жұмыстарына салмады. Бұларды өзінің жасақшылары, әскери бөлім басшылары,#8:9 Яки: ұландарының сардарлары. соғыс күймелері мен атты әскерінің жетекшілері етіп тағайындады. 10Сүлеймен патшаның халықты басқарған екі жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді.
11Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Ол былай деді: «Бұл әйелім Исраилдің патшасы Дәуіт марқұмның сарайын мекендемеуі керек,#8:11 Себебі осы мысырлық әйел Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын. Сүлейменнің сондай әйелдерге үйленіп, күнәға батқанын Құдай Тағала жек көрді. Кейін Ол патшалықтың басым бөлігін Сүлейменнің ұлы Рохабоғамның қолынан тартып алып, бір нөкеріне берді (10:15-17; Пат3 11:1-11,29-33). себебі кезінде Жаратқан Иенің Келісім сандығы тұрған жерлер Құдайға ерекше бағышталған».
12Сүлеймен киелі үйдің кіреберісінің алдында Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелін жасатқан еді. Сол кездері ол оның үстінде Жаратқан Иеге шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынатын. 13Патша Мұса пайғамбар қалдырған ереже бойынша әр күннің қажетті құрбандықтары мен сый-тартуларын Тәңір Иеге бағыштайтын. Ол, сондай-ақ, демалыс күндері, әр айдың басында және жыл сайын өткізілетін басқа үш мейрамда, яғни Ашымаған нан, Жеті апта#8:13 Яғни Елулік (Алғашқы өнім) мейрамында (Заң 16:16). және Күркелер мейрамдарында, Құдайға арнайы құрбандықтар бағыштайтын.
14Патша әкесі Дәуіт марқұмның нұсқауларына сәйкес діни қызметкерлерге топ кезектері бойынша міндеттерін жүктеді. Ол өзге леуіліктерге мадақтау қызметін жүргізуді және күнделікті мұқтаждық бойынша діни қызметкерлерге көмектесуді тапсырды#8:14 Шеж1 6:31-32; 15:16; 16:4-6; 23:1-6. және қақпашыларды өз топтарына сай ғибадатхананың әр қақпасына бекітіп қойды. Патша осының бәрін Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес істеді. 15Барлық мәселелерде, соның ішінде ғибадатхана қазынасы бойынша да, діни қызметкерлер мен леуіліктер патшаның берген бұйрықтарын бұлжытпай орындап жүрді.
16Осылайша Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін салған күнінен бастап, оны толығымен бітірген күніне дейінгі жасаған еңбегі жүзеге асып, аяқталды.#8:16 Пат3 9:25.
Алыс елдермен сауда байланысы
17Сол кезде Сүлеймен Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Есион-Гәбер мен Елат қалаларына барды.#8:17 Қызыл теңіздің Ақаба шығанағында орналасқан, кеме тоқтайтын бұл екі қала Сүлейменнің оңтүстік елдермен үлкен мөлшерде сауда-саттық жасауына жол ашты (8:18; 9:1). 18Хирам патша оған қызметшілері арқылы кемелерін жіберіп,#8:18 Кемелердің бөлшектері Тирде дайындалып, Исраил елі арқылы Есион-Гәбер не Елат қалаларына жеткізіліп, сол жерде жинақталған шығар (2:16; 8:17). соларды басқаратын тәжірибелі теңізшілерін де жолдады. Олар Сүлейменнің қызметшілерімен бірге кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр жеріне#8:18 Офир деп те аталған осы жер оңтүстік Арабияда, шығыс Африкада не Үндістанда орналасқан болатын (Жар 2:11-12; 10:29-30; Пат3 9:28; 10:22). жүзіп барды. Сол жақтан олар төрт жүз елу ат басындай#8:18 Шамамен 16 тонна. алтын алып келіп, Сүлеймен патшаның қолына тапсырды.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in