Шежірелер 2-ж. 21
21
Яһуда елінің патшасы Жорамның қастандығы
1Жосапат көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Жорам#21:1 Осы есім Ехорам деп те дыбысталады. орнын басып патша болды.
2Жорамның туған інілері Азариях, Ехиел, Зәкәрия, Азарияху, Михайл, Шафатиях еді; бұлардың бәрі Яһуда патшасы Жосапаттың ұлдары болатын. 3Жосапат көзі тірісінде оларға мол алтын-күміс пен құнды дүние-мүлік сыйлап, оның үстіне Яһудадағы бірнеше бекіністі қалаларды да енші ретінде берген еді. Ал Жорам тұңғышы болғандықтан, әкесі патшалықты оған қалдырып кетті. 4Бірақ Жорам әкесінің орнына патшалық құрып, жағдайын нығайтып алғаннан кейін, барлық інілерін және Исраилдің бірсыпыра әміршілерін семсермен өлтіріп тастады.
5Жорам Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы отыз екіде еді.#21:5 Осыған дейін Жорам әкесі Жосапатпен бірге бес жыл бойы билік жүргізіп келді (Пат4 1:17; 3:1). Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. 6Ахабтың әулеті сияқты, Жорам да Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүрді,#21:6 21:13; Пат3 18:18; 19:10; 21:20-22; Пат4 8:18. себебі оның әйелі Ахабтың қызы#21:6 Оның әйелінің аты: Аталия (22:2,10-12; 23:12-15). болатын. Содан Жорам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. 7Сонда да Жаратқан Ие Өзінің Дәуітпен жасаған Келісіміне бола Дәуіттің әулетін жоюды қаламады. Ол Дәуітке және оның келешек ұрпақтарына ұдайы (патшалық құрып) шам-шырақ іспетті нұр шашуға мүмкіндік беру жайлы уәде еткен болатын.#21:7 Пат2 7:12-16; Пат3 11:13,36; Пат4 8:19; Жыр 131:17.
Жорамның заманындағы тағы басқа жағымсыз оқиғалар
8Жорамның заманында Едом халқы Яһуда патшалығының үстемдігіне#21:8 Пат2 8:12-14; Пат3 9:26. қарсы бас көтеріп, өздеріне патша тағайындап алды. 9Сонда Жорам өзінің қолбасшыларымен, барлық соғыс күймелерімен шекарадан өтіп оларға қарсы аттанды. Бірақ едомдықтар оның өзін және соғыс күймелерінің айдаушыларын қоршап алды. Олар түнде тұрып, едомдықтардың қоршауын бұзып шығып, құтылды. 10Содан бері Едом халқы осы күнге дейін#21:10 Яғни осы баяндаманың түпнұсқасы жазылған кезде жағдай әлі де солай болды. Кейінгі Яһуда патшалары Едомға қайтадан үстемдік жүргізді (Пат4 8:22; 14:7,22). Яһуданың үстемдігіне қарсы бас көтеріп келеді. Сол кезде (філістір елінің шекарасындағы) Либна қаласы да Жорамның билігіне қарсы шықты.
Жорам ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеден бас тартқандықтан осы оқиғалар болды. 11Жорам мұнымен ғана қоймай, Яһуданың таулы аймағындағы биіктеу жерлерде табыну орындарын тұрғызып, соларда Иерусалимнің тұрғындарын және Яһуданың халқын жалған тәңірлерге беріліп, азғындыққа жетеледі.#21:11 21:13; Мыс 34:15-16; Рул 25:1.
Ілияс пайғамбардың Жорамға жіберген ескерту хаты
12Жорамға Ілияс пайғамбардан#21:12 Пат4 1:16-17. хат келді. Онда былай деп жазылған болатын: «Түп атаңыз Дәуіттің сиынған Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Сен әкең Жосапат және атаң — Яһуда патшасы Аса іспетті Менің жолыммен жүрген жоқсың. 13Керісінше, Солтүстік Исраилдің патшаларының теріс жолымен жүріп келесің. Ахабтың әулеті Солтүстік Исраилдің халқын азғырғандай, сен де Яһуда мен Иерусалимнің халқын азғындыққа жетеледің. Оның үстіне өзіңнің бір әкеден туған, сенен ізгі болған інілеріңді өлтіріп тастадың.
14Сондықтан Жаратқан Ие сенің халқыңа, балаларыңа, әйелдеріңе және барлық дүние-мүлкіңе зор апат жіберетін болады. 15Өзің жаман ішек ауруына шалдығасың. Осы ауруың күн сайын асқынып, соңында ішектерің денеңнен шығып қалады!»
16Мұнан кейін Жаратқан Ие Жорамға қарсы філістірлердің және құштықтармен#21:16 Немесе: құшандықтармен (яғни мадияндықтармен: Абқ 3:7; Рул 12:1-дегі түсініктемені қ.). шекараласқан арабтардың ашу-ызасын туғызды.#21:16 12:3; 17:11; 22:1; Нех 2:19; 6:1. 17Олар Яһудаға шабуыл жасап, елге басып кірді де, патшаның сарайынан тапқан қымбат дүние-мүліктің бәрін де, оның балалары мен әйелдерін де алып кетті. Тек Жорамның Охозиях есімді кенже ұлы ғана өзінде қалды.
Жорамның қатты ауырып, қайтыс болуы
18Осы күллі оқиғалардан соң Жаратқан Ие Жорамның ішектеріне жазылмайтын бір ауру жіберді.#21:18 21:15. 19Біраз уақыттан кейін, толық екі жыл өткенде, оның ішектері түгелімен денесінің сыртына шығып, ол қатты қиналып жан тапсырды. Оның ата-бабалары қабірге қойылған кезде олардың құрметіне от жағу рәсімі жасалатын.#21:19 16:14. Бірақ Жорамның құрметіне сол рәсім жасалған жоқ.
20Жорам патша болған кезде жасы отыз екіде еді. Ол Иерусалимде сегіз жыл билік жүргізді. Жорам дүниеден қайтқанда ешкім оны жоқтамады. Оның мәйіті Дәуіттің шаһарында жерленсе де, патшаларға арналған қабірлердің біріне қойылған жоқ.
Currently Selected:
Шежірелер 2-ж. 21: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.