Патшалықтар 1-ж. 27
27
Дәуіттің філістір елін қайтадан паналауы
1Бірақ Дәуіт іштей: «Қалайда күндердің күні Саулдың қолынан құримын. Ең жақсысы, тездетіп філістір еліне қашып құтылу. Сонда Саул мені бүкіл Исраилде іздеуін қойып, оның қолынан сытылып кетемін», — деп ойлады. 2Осылайша Дәуіт пен оның жанында жүрген алты жүз адам жолға жиналып, Ғаттың патшасы Мағох ұлы Анхұсқа#27:2 21:11. қарай өтіп кетті. 3Олар Ғат қаласына Анхұстың жанына орналасты. Әрқайсысы өзінің отбасын ала келген еді. Дәуіттің екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен Набалдың жесірі кәрмелдік Әбигел де қасында болды. 4Дәуіттің Ғатқа қашып кеткенін Саул да біліп, оны енді қайтып іздемейтін болды.
5Дәуіт Анхұстан: «Тақсыр, рақым етіп, бізге далалы жерде қоныстануға бір қалашықты беруге бұйыра көріңіз. Біз осында патшаның қаласында тұрып, сіздерді әуреге салмай-ақ қояйық», — деп өтінді. 6Анхұс оған тұруға Сикеләгті#27:6 (30:1; Еш 15:31; 19:5) Осы атының өзге түрлері: Секелаг, Циклаг. берді. Сол кезден бастап қазірге дейін осы қала Яһуда патшасының қарамағында болып келеді.
7Дәуіт філістір елінде барлығы бір жыл төрт ай тұрды. 8Ол адамдарымен аттанып, гешур, гірзе, амалек тайпаларына#27:8 Айдаланы мекендеп, басқа халықтарды тонаушы тайпалар, әсіресе амалек тайпасы, Исраил халқына да көп зиян келтірген болатын (14:48; 15:2; Мыс 17:14; Еш 13:2; Бил 3:13; 6:3; 7:12). шабуыл жасап отырды. Бұлар көп уақыттан бері Шур мен Мысыр елінің арасындағы жерді мекенденіп келген еді. 9Дәуіт қай жерге шабуыл жасаса да, еркек болсын, әйел болсын, ешкімді тірі қалдырмай, тек олардың қой-ешкі, мүйізді ірі қаралары мен есек-түйелерін және киім-кешектерін тонап, Анхұстың жеріне қайтатын. 10Анхұс: «Бүгін еш жаққа шабуылға шыққан жоқсыңдар ма?» — деп сұраса, Дәуіт Яһуданың, Ерахмел әулетінің я болмаса Кен тайпасының#27:10 Ерахмел Яһуда руының бір әулеті, ал Кен Исраилмен одақтас тайпа еді (15:6; 30:29; Бил 1:16; Шеж1 2:25). оңтүстік жағына аттанғандары туралы айтатын. 11Дәуіттің еркектер мен әйелдерді тірі қалдырмай, Ғат еліне ешқандай тұтқын алып келмеуінің себебі, олар Анхұсқа «Дәуіт былай істеді» деп шағым айтар деген күмәні болды. Філістірлермен бірге тұрған кезде Дәуіт үнемі осылай әрекет етіп жүрді.
12Анхұс Дәуітке иланып: «Ол өз халқы Исраилдің алдында әбден жек көрінішті болды. Сол себепті мәңгі бақи менің қызметшім болып өтеді», — деп ойлады.
Currently Selected:
Патшалықтар 1-ж. 27: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.