Патшалықтар 1-ж. 13
13
Саулдың Құдайға толық сенбей, еркінсіп құрбандық шалып, өртеп ұсынуы
1Осылай бір жыл өтіп кеткен еді. Исраилге патшалық құрғанына екі жыл толғанда Саул#13:1 Немесе: Саул патша болуға тағайындалғанда отыз (яки: елу екі) жасқа толып, оның Исраилге патшалық құрғанына екі жыл өткен еді. 2исраилдіктердің арасынан үш мың ер адамды таңдап алды. Олардың екі мыңын өзімен бірге Миқмаста және Бетелдің қыратты айналасында, ал бір мыңын тұңғышы Жонатанмен бірге Буняминдегі Гибеяда орналастырды. Ал қалған адамдарды үйлеріне қайтарып жіберді.
3Бірде Жонатан філістірлердің Гебадағы қарауылшылар тобына#13:3 10:5; 13:16; 14:5. шабуыл жасады. Філістірлер осы туралы естігендіктен, Саул бүкіл елде керней тартқызып, «Исраилдіктер#13:3 Немесе: Ебердің ұрпақтары (13:7,19; 14:11; Жар 11:16; 14:13; 39:14). құлақ салсын!» — деп жариялатты. 4Сонда барлық халық: «Саул філістірлердің қарауыл тобына шабуыл жасап, енді олар Исраилге өшігіп отыр!» — дегенді естіп, ер адамдар Саулға қосылу үшін Ғылғалға жиналды. 5Філістірлер де Исраилге қарсы соғыс жасағын жинады: олардың үш мың соғыс күймесі, соларға мінетін алты мың жауынгері#13:5 Немесе: отыз топтан тұратын (яки отыз мың) соғыс күймелері, соларға мінетін алты жауынгерлер тобы (12:3). және теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз жаяу жасақшылары болды. Олар аттанып келіп, Бет-Әбеннің шығыс жағындағы Миқмасқа орнығып алды. 6Исраилдің ер адамдары өз жағдайларының қиындағанын көрді. Жау жан-жақтан тықсырғандықтан, Исраилдің жасағы қашып кетіп, үңгірлер мен шатқалдарды,#13:6 Немесе: үңгірлер мен тікенді бұталарды. жартастардың қуыстарын, шұңқырлар мен жер астындағы су қоймаларын паналады. 7Кейбіреулері#13:7 Яки: Жалданушылардың кейбіреулері (13:3). тіпті Иордан өзенінен өтіп, Ғад пен Ғилақад аймағына қашып құтылды.
Ал Саул әлі де Ғылғалда еді, жанындағы сарбаздарының бәрі қорыққаннан қалшылдап тұрды. 8Самуил өзіне айтқандай, Саул жеті күн күте тұрды. Бірақ Самуил Ғылғалға келіп болмаған соң, жасақ Саулдың қасынан бытырап кетіп жатты. 9Сонда Саул: «Шалып, өртеп ұсынуға арналған және басқа да құрбандық малдарды#13:9 Яки: Шалып, өртеп ұсынуға және ризашылық білдіру үшін шалып, ұсынуға арналған құрбандық малдарды. маған алып келіңдер!» — деп бұйырды. Содан ол өзі малдарды құрбандыққа шалып, Құдайға бағыштап өртеп жіберді.#13:9 Самуил пайғамбар өзінің келіп, құрбандықты шалып, өртеп ұсынуын күтуді Саулға алдын ала ескерткен болатын (10:8). Алайда Саул пайғамбардың келуін күтпеді.
10Осы рәсім бітісімен Самуил де келе қалды. Саул амандасып, қарсы алу үшін алдынан шықты. 11Самуил оған:
— Сен не істедің? — деген сұрақ қойды. Саул:
— Қасымдағы адамдарымның бытырап кетіп жатқанын көрдім. Ал өзіңіз келемін деген уақытта келмей қалдыңыз. Оның үстіне філістірлер Миқмасқа жиналды. 12Мен сонда філістірлер қазір Ғылғалға келіп, маған қарсы шабуыл жасамақшы, ал мен өзіме оң көзімен қарасын деп Жаратқан Иеге әлі де сый-тарту ұсынған жоқпын ғой деп ойладым. Содан мен құрбандықты шалып, өртеп ұсынуға тиістімін деп есептедім, — деді.
13Ал Самуилдің жауабы мынау болды:
— Сен өз Құдайың — Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындамай үлкен ақымақтық жасадың! Осы бұйрықты орындағанда Жаратқан Ие сенің патшалығыңды мәңгілікке бекітер еді. 14Ал сен Жаратқан Иенің саған бұйырғанын жүзеге асырмадың. Енді патшалық етуің берік болмайды! Жаратқан Ие Өзінің көңілінен шыққан біреуді тауып алады. Сол адам Оның меншікті халқының басшысы болады.#13:14 10:4.
Исраилдің қару-жараққа тапшылығы
15Сонымен Самуил (өз жөніне кетті. Саул қалған сарбаздарын ертіп філістір жасағына қарсы шығу үшін) Ғылғалдан Бунямин жеріндегі Гибеяға өрлеп барды. Саул қасындағы адамдарын санап шыққанда, барлығы алты жүз болды.
16Бұдан кейін Саул мен Жонатан сарбаздарымен Бунямин жеріндегі Гебаның маңына орнықты, ал філістірлер жасақ қосын Миқмастың қасына тіккен еді. 17Філістірлердің арасынан елді тонауға үш жасақшылар тобы шығып, біреуі Сұғал төңірегіндегі Офраны, 18екіншісі Бет-Хоронды, ал үшіншісі Шибөрі аңғары#13:18 Яки: Себоим аңғары. мен оның арғы жағындағы елсіз далаға қараған қырат жолын бетке алды.
19Сол заманда бүкіл Исраил елінде (темір құралдар жасайтын) бірде-бір ұста жоқ болатын. Себебі філістірлер: «Әйтпесе исраилдіктер семсерлер мен сүңгілер жасап алады», — деп қауіптенген еді. 20Күллі исраилдіктер соқа-кетпендерін, балта-орақтарын қайрап алу үшін філістірлерге баруға тиіс болатын.#13:20 Філістірлер темір құралдар мен қару-жарақтар жасау өнерін Түркияны мекендеген хеттік халықтан үйреніп, б.з.д. 1200 жылдары Қанаханға алып келгенмен, оны құпия ұстайтын. 21Соқа не кетпенді қайраудың бағасы — бір күміс мысқалдың#13:21 Мысқал: сол заманда он екі грамдай болатын өлшем бірлігі. үштен екі бөлігіндей, ал айыр, балта не істік іспетті басқа да үшкір құралды қайрау — мысқалдың үштен біріндей күмістен тұратын. 22Осылайша Саул мен Жонатанға еріп жүрген сарбаздардың ешқайсысында соғысатын не семсер, не сүңгі болмады. Ондай қару тек патша мен патшазаданың ғана қолында болды.
23Бұл кезде філістірлердің бір топ жасақшылары Миқмас асуына қарай бет алған еді.
Currently Selected:
Патшалықтар 1-ж. 13: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.