Патшалықтар 3-ж. 15
15
Яһуда елінің патшасы Абиях
1Набат ұлы Еробоғам Солтүстік Исраилге патшалық құрған он сегізінші жылы Абиях Яһуда елінің патшасы болды. 2Ол Иерусалимде үш жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Абессаломның немере қызы Маха#15:2 Маханың әкесі гибеялық Ұриел еді (Шеж2 13:2). еді.
3Абиях өзінен бұрын патша болған әкесінің жолымен жүріп, оның жасаған күнәларының барлығын да жасай берді. Осылай Абияхтың жүрегі Құдай Иесіне түгелдей бағышталған арғы атасы Дәуіттің жүрегі сияқты болмады. 4Алайда Құдай Ие Өзінің сенімді қызметшісі Дәуітке бола Дәуіттің әулетінің Иерусалимде патшалық құра беруіне мүмкіндік берді.#15:4 Немесе: (өмір) шырағын берді (11:36). Сол үшін Жаратқан Ие Абияхқа өзінен кейін патша болатын ұл сыйлап, Иерусалимді нығайтты. 5Себебі Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын санамағанда, өмір бойы Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, Оның бұйырғандарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ.
6-7Абияхтың көзі тірісінде Еробоғам екеуінің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. Абияхтың қалған іс-әрекеттері жайлы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. 8Абиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Абияхтың ұлы Аса оның орнын басып патша болды.
Яһуда елінің патшасы Аса
9Сонымен Солтүстік Исраилге Еробоғам патшалық құрған жиырмасыншы жылы Аса Яһуда елінің патшасы болды. 10Ол Иерусалимде қырық бір жыл билік жүргізді. Оның (әкесінің) шешесі Дәуіт ұлы Абессаломның немере қызы Маха болатын.#15:10 15:2; Шеж2 11:20. 11Арғы атасы Дәуіт істегендей, Аса да Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. 12Ол жалған тәңірлердің табыну орындарында азғындықпен айналысқан барлық еркектерді#15:12 14:24. елден аластатып, өзінің аталары жасап қалдырған тәңір мүсіндерінің бәрін қиратып құртты.#15:12 Шеж2 14:3. 13Сондай-ақ, Аса патша тіпті өзінің әжесі Маханы «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға арналған ағаш бағананы жасатып, орнатқан еді. Патша сол жексұрын бағананы#15:13 Заң 7:5; Шеж2 14:3; 15:13. шауып құлатып, Қидрон сайында өртеп жіберді. 14Аса тек биіктеу жерлердегі табыну орындарын#15:14 3:4; Пат1 9:12; 10:13; Шеж2 15:17. ғана құртпады. Әйтсе де бүкіл өмір бойы Аса Жаратқан Иеге шын жүректен берілген адам болды. 15Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Жаратқан Иенің киелі үйіне апарып қойды.
Асаның Солтүстік Исраилге қарсы Арамамен одақтасуы
16Аса Яһудаға әрі Бағаса Солтүстік Исраилге патшалық құрған уақыттың бәрінде екі елдің арасында соғыс болып тұрды.#15:16 15:32-33. 17Бірде Бағаса Яһуда еліне қарсы аттанып, өрлеп барды. Бағаса Аса патшаның жеріне ешкім#15:17 Мысалы, Жаратқан Иеге ғибадат етпек болған Солтүстік Исраилдің адамдары (12:26-29; Бил 19:13,18) және саудагерлер керуендері (10:2,10; Жар 37:25). кіріп-шыға алмау үшін екі елдің шекарасындағы Рамақ#15:17 Еш 18:25; Бил 19:13. қаласын қамалмен бекітіп қойды.
18Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарында қалған барлық алтын-күмісті алды. Оларды қызметкерлерімен Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа#15:18 Бен-Хададтың есімі (жалған тәңір) Хададтың ұлы, яғни қызметшісі, дегенді білдіреді. Сол жалған тәңір Бағал және Риммон деп те аталатын (16:31-32; Пат4 5:18). жіберді. Ол Табримонның ұлы, Хезионның немересі болатын. Аса патша оған мынадай сәлемін де жолдады: 19«Екеуіміздің әкелеріміздің арасында келісім болғанындай, енді біз де сондай келісім жасасайық! Міне, мен сізге күміс пен алтынды сыйға жіберіп отырмын. Өзіңіздің Солтүстік Исраилдің патшасы Бағасамен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз. Ол менің шекарамнан кері шегініп кетсін!»
20Бен-Хадад Аса патшаның өтінішіне құлақ асып, өзінің қолбасшыларын Солтүстік Исраилдің қалаларына қарсы аттандырды. Олар Ион, Дан, Әбел-Бет-Маха қалаларын әрі бүкіл Кінерет#15:20 Яки: Ғалилея (Еш 11:2; 12:3; Пат4 15:29). аймағын Нафталим руының күллі жерімен қоса басып алды. 21Бағаса патша бұл туралы естігенде, Рамақ қаласын бекітуін тоқтатып, астанасы Тирсаға қайтып кетті. 22Сонда Аса патша бүкіл Яһуда еліне жарлық шығарып, ер адамдарының бәріне біреуі де қалмай, Рамақ қаласына баруға әмір етті. Олар Бағаса салып жатқан қамалдың тастары мен бөренелерін тасып алып кетті. Аса патша солармен Бунямин жерінің шекарасындағы Геба және Миспа қалаларын#15:22 Еш 18:24,26. бекітті.
23Асаның қалған барлық іс-әрекеттері мен қажыр-қайраты және бекітіп, нығайтқан қалалары туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Қартайған шағында Аса аяғы ауырып азап шекті.#15:23 Шеж2 16:12-13. 24Аса көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның мәйіті олардың жанына арғы атасы Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Асаның ұлы Жосапат оның орнын басып патша болды.
Солтүстік Исраилдің патшасы Надаб
25Асаның Яһудаға патшалық құрған екінші жылы Еробоғам ұлы Надаб Исраилдің патшасы болып, екі жыл патшалық құрды. 26Бірақ ол Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Надаб әкесі Еробоғамның жолымен жүріп, ол сияқты Солтүстік Исраилді күнә жасауға еліктірді.#15:26 12:28-33; 13:33-34; 14:16.
27Кейін Исашар руынан шыққан Ахиях ұлы Бағаса патшаға қарсы қастандық жасады. Сол кезде патша Солтүстік Исраилдің бүкіл жасағымен бірге філістірлерге қарасты Гибетон қаласын қоршап алған еді. Бағаса Надаб патшаны Гибетонның түбінде семсерімен шауып 28өлтірді. Содан кейін Бағаса Надабтың орнына Исраилдің патшасы болды. Бұл Асаның Яһудаға патшалық құрған үшінші жылы болды.
29Бағаса таққа отырысымен Еробоғамның әулетін толығымен қырып-жойып, бірде-бір жанын тірі қалдырмады. Жаратқан Иенің Өзінің қызметшісі шилолық Ахиях пайғамбар арқылы айтқан сөзі#15:29 14:10,14. осылай жүзеге асты. 30Себебі Еробоғам өзінің күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктіруімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған болатын.
31Надабтың қалған іс-әрекеттерінің барлығы жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған.
Солтүстік Исраилдің патшасы Бағаса
32-33Яһудаға Аса патшалық құрған үшінші жылы Ахиях ұлы Бағаса бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Тирса қаласында орналасып, елге жиырма төрт жыл патшалық құрды. Яһудаға Аса әрі Солтүстік Исраилге Бағаса патшалық құрған кезеңнің бәрінде екі елдің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты.#15:32-33 15:16.
34Бағаса Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Ол Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оған ұқсап күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктірді.
Currently Selected:
Патшалықтар 3-ж. 15: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.