Енді мен оларға тіл қатып былай дедім: «Біздің қандай қиын жағдайда жүргенімізді өздеріңіз көріп отырсыздар. Иерусалим қиратылып, оның қақпалары өртеніп кеткен. Қаланың қамал қабырғасын қайта тұрғызайық та, бұдан былай сондай масқараға қалмайық!» Сонымен қатар оларға Құдайдың мені шапағатты мейірімімен жарылқағаны және патшаның қолдаған сөздері туралы да айтып бердім. Сонда олар: «Мақұл, қабырғаны тұрғызайық!» — деп, осы игілікті іске білек сыбана кіріспекші болды.