1
Матай 14:30-31
Киелі кітап
Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді. Иса дереу қолын созып, демеп жіберіп: — Әй, сенімі азым-ай! Неліктен (Менің құдіретіме) күдіктендің? — деді.
Compare
Explore Матай 14:30-31
2
Матай 14:30
Бірақ қатты соққан желді байқап, қорқып кеткен ол суға бата бастады да: — Мырза, мені құтқара көріңіз! — деп айқайлап жіберді.
Explore Матай 14:30
3
Матай 14:27
Иса оларға дереу тіл қатып: — Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын! — деп көңілдерін орнықтырды.
Explore Матай 14:27
4
Матай 14:28-29
Петір: — Мырза, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы, — деп жауап берді. Иса: — Кел! — дегенде, Петір қайықтан шығып, су үстімен Исаға қарай беттеді.
Explore Матай 14:28-29
5
Матай 14:33
Сонда қайықтағылар: — Сіз шынымен де Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп, Оған иіліп тағзым етті.
Explore Матай 14:33
6
Матай 14:16-17
Бірақ Иса: — Кетулері қажет емес, оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттер: — Бізде тек бес күлше нан мен екі кепкен балық қана бар, — деді. Иса
Explore Матай 14:16-17
7
Матай 14:18-19
— Соларды Маған алып келіңдер! — деп, халыққа көгалдың үстіне жайғасып отыруды бұйырды. Мұнан кейін Иса бес күлше мен екі балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, ал олар халыққа үлестірді.
Explore Матай 14:18-19
8
Матай 14:20
Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды.
Explore Матай 14:20
Home
Bible
Plans
Videos