Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы Келісімнің шарттарына құлақ аспайтын адамды қарғыс атсын! Мысыр елі ата-бабаларың үшін темір балқытып тазартатын пеш іспетті болды. Мен көп азап шеккен оларды сол елден бастап алып шыққанымда оларға осы Келісімнің шарттарын тапсырып, былай деген едім: «Менің даусыма құлақ салып, бұйырғандарымның бәрін орындасаңдар, сендер Менің халқым, ал Мен сендердің Құдайларың боламын.