1
Ишая 54:17
Киелі кітап
Ал бұдан былай қандай қару-жарақ саған қарсы жасалса да, сені құрта алмайтын болады. Өзіңді айыптағандардың сөздерін әшкерелеп, жоққа шығарасың. Жаратқан Иенің қызметшілері осы игіліктерді иеленетін болады. Оларды Өзім ақтап аламын», — деп нық айтады Жаратқан Ие.
Compare
Explore Ишая 54:17
2
Ишая 54:10
Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие.
Explore Ишая 54:10
3
Ишая 54:4
Халқым, қорықпа, енді қайтып ұятқа қалмайсың, қысылма, сен масқара болмайсың. Жас кезіңдегі ұятқа қалған жайтты ұмытып, жесірлік қасіретіңді де есіңе алмайсың.
Explore Ишая 54:4
4
Ишая 54:5
Өйткені өзіңді жаратқан Тәңір саған жар! Ол сені құтқарып алған Қамқоршың, Әлемнің Иесі және Исраилдің Киелі Құдайы деп те аталады. Бүкіл жер бетінің Құдайы деген атағы да бар.
Explore Ишая 54:5
5
Ишая 54:2
Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ!
Explore Ишая 54:2
6
Ишая 54:13
Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
Explore Ишая 54:13
7
Ишая 54:8
Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие.
Explore Ишая 54:8
8
Ишая 54:7
«Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін.
Explore Ишая 54:7
9
Ишая 54:9
«Нұхтың заманында топан су жер бетін басып кеткеннен кейін Мен енді қайтып жерге топан су жібермеймін деп ант еткен едім. Сол сияқты саған да былай деп ант беремін: бұдан былай саған ашуланып, сөгіс бермеймін.
Explore Ишая 54:9
10
Ишая 54:12
Қамалыңның мұнаралары лағыл тастан, қақпаларың інжу-маржаннан, бүкіл қабырғаларың да асыл тастардан жасалып, жалт-жұлт ететін болады.
Explore Ишая 54:12
Home
Bible
Plans
Videos