1
Ишая 1:18
Киелі кітап
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын.
Compare
Explore Ишая 1:18
2
Ишая 1:19
Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар.
Explore Ишая 1:19
3
Ишая 1:17
Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық-зомбылық жасағандарды әшкерелеп, оларға тыйым салыңдар, жетім-жесірлерді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!»
Explore Ишая 1:17
4
Ишая 1:20
Алайда қасарысып, Маған қарсы тұра берсеңдер, сендерді жаудың семсері жалмап қояды». — Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
Explore Ишая 1:20
5
Ишая 1:16
Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар!
Explore Ишая 1:16
6
Ишая 1:15
Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған.
Explore Ишая 1:15
7
Ишая 1:13
Пайдасыз сый-тартуларыңды Маған бұдан былай ұсынбаңдар! Хош иісті зат түтетулеріңді де ұнатпаймын. Демалыс күндерін және Айдың бірінші күнгі мерекесін атап, діни жиындарда бас қосасыңдар. Ал сонымен қатар зұлымдықты жасай бересіңдер! Бұларыңа енді төзе алмаймын.
Explore Ишая 1:13
8
Ишая 1:3
Әр өгіз өз қожайынын таниды, есек те иесінің жем салатын астауын біледі. Бірақ Исраил Мені танымайды: меншікті халқым Менің кім екенімді ұқпайды!»
Explore Ишая 1:3
9
Ишая 1:14
Сол себептен Айдың бірінші күнгі және өзге де мерекелеріңді жаным жек көреді. Олар Мен үшін ауыртпалыққа айналды, бос рәсімдеріңе төзуден мезі болдым!
Explore Ишая 1:14
Home
Bible
Plans
Videos