Тауға шығып, бөренелер тасып әкеліп, киелі үйді қайтадан салыңдар! Осылайша Мен риза болып, атақ-даңқым жайылады, — деп бұйырады Жаратқан Ие. — Сендер мол өнім күткенмен, онысы аз болды. Ал үйлеріңе алып келгендеріңді Мен ұшырып жібердім. Неліктен? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Менің киелі үйім қирап жатқанда сендер әрқайсың өз үйлеріңді сәндеп салуға асыққандарың себепті!