Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға:
— Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.